Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Шалкарском районе

Өзге акт · № 524 · қабылданған 10.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146574/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Шалкарском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 524 ·10.09.2020
16.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Шалкарском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 524 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Шалкарском районе
Атауы (қаз.)
Шалқар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
524
Қабылданған күні
10.09.2020
Көрсетілген редакция
16.02.2024 146574_687814.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CM007444
ЭКБ идентификаторы
146574
Редакция идентификаторы
146574_687814
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:52

0

Шалқар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шалқар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Шалқар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Шалқар аудандық мәслихатының

2020 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 524 шешіміне 1 қосымша
Шалқар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары

1 1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:


Ар­найы орын­дар
Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тау
Олар­дың шек­ті то­лу нор­ма­сы
1.1
Е. Кө­ті­ба­рұ­лы және І. Үр­ге­ніш­ба­ев кө­ше­ле­рі­нің
қиы­лы­сын­да­ғы І. Үр­ге­ніш­ба­ев ес­керт­кі­ші­нің ал­ды
- жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру;
- электр энер­ги­я­сын қо­су­ға
ар­нал­ған нүк­те;
- са­ни­тар­лық нор­ма­лар мен
ере­же­лер­дің сақ­та­луын
қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық
(қо­қыс үшін жә­шік­те­рі);
- тұ­рақ;
- ар­найы тех­ни­ка­ға, өрт
тех­ни­ка­сы­на, құт­қа­ру және
ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне
ар­нал­ған кі­ру және шы­ғу
үшін өту жол­да­ры.
300 адам­нан ар­тық емес
1.2
Е. Кө­ті­ба­рұ­лы кө­ше­сі бой­ын­да ор­на­лас­қан, «Шал­қар аудан­дық та­ри­хи-өл­ке­та­ну мұ­ра­жайы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі ғи­ма­ра­ты­ның ал­дын­да
- жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру;
- электр энер­ги­я­сын қо­су­ға
ар­нал­ған нүк­те;
- са­ни­тар­лық нор­ма­лар мен
ере­же­лер­дің сақ­та­луын
қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық
(қо­қыс үшін жә­шік­те­рі);
- тұ­рақ;
- ар­найы тех­ни­ка­ға, өрт
тех­ни­ка­сы­на, құт­қа­ру және
ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне ар­нал­ған кі­ру және шы­ғу үшін өту жол­да­ры.
300 адам­нан ар­тық емес

2 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:

Ар­найы орын­дар
Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тау
Олар­дың шек­ті то­лу нор­ма­сы
2.1
Бо­зой тас жо­лы­нан, әрі қа­рай А.Жұ­ба­нов кө­ше­сі­нің бой­ы­мен Е.Кө­ті­ба­рұ­лы және І.Үр­ге­ніш­ба­ев кө­ше­ле­рі­нің қиы­лы­сы­на дей­ін
марш­рут­тың ұз­ақ­тығы 1 ки­ло­метр 700 метр­ді құ­рай­ды;
- кө­ше­лер бойы
жа­рық­тан­ды­ры­л­ған;
- са­ни­тар­лық нор­ма­лар мен
ере­же­лер­дің сақ­та­луын
қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық
(қо­қыс үшін жә­шік­те­рі);
- тұ­рақ;
- ар­найы тех­ни­ка­ға, өрт
тех­ни­ка­сы­на, құт­қа­ру және
ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне
ар­нал­ған кі­ру және шы­ғу үшін
өту жол­да­ры.
200 адам­нан ар­тық емес
2.2
Ә. Мол­да­ғұ­ло­ва және Е. Кө­ті­ба­рұ­лы кө­ше­ле­рі­нің
қиы­лы­сы­нан, әрі қа­рай Е. Кө­ті­ба­рұ­лы кө­ше­сі­нің бой­ы­мен Жел­тоқ­сан кө­ше­сіне дей­ін
марш­рут­тың ұз­ақ­тығы
990 метр­ді құ­рай­ды;
- кө­ше­лер бойы
жа­рық­тан­ды­ры­л­ған;
- са­ни­тар­лық нор­ма­лар мен
ере­же­лер­дің сақ­та­луын
қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық
(қо­қыс үшін жә­шік­те­рі);
- тұ­рақ ;
- ар­найы тех­ни­ка­ға, өрт
тех­ни­ка­сы­на, құт­қа­ру және
ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне
ар­нал­ған кі­ру және шы­ғу үшін
өту жол­да­ры.
200 адам­нан ар­тық емес
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

1

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Шалқар ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.

Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария іс-шаралар өткізіледі.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Осы Тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

12 Шалқар аудандық мәслихатының

2020 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 524 шешіміне 2 қосымша
Шалқар ауданындағы пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Қолданыстағы