О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 69/627-6c
- Қабылданған күні
- 14.09.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2022 146594_569561.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20E0000126
- ЭКБ идентификаторы
- 146594
- Редакция идентификаторы
- 146594_569561
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:50
0 Жер салығының базалық
мөлшерлемелерін түзету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымындағы №37/257-5с шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2736 болып тіркелген) Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 504, 505,
506-баптармен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері:
1, 2, 4, 5 және 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда,
50 (елу) пайызға;
7 аймақта автотұрақтарға (паркингтерге, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 40 (қырық) пайызға;
10 аймақта ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланатын жерлерді 50 (елу) пайызға қолданыстағы жерлерге арттырылсын.
3, 8, 9 және 10 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған), ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланатын жерлерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабына сәйкес белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері қалдырылсын.
2. «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы №39/266-5с шешiмiне өзгерістер енгізу туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №46/327-5с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3166 болып тіркелген, 2015 жылғы
8 мамырдағы №19 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) және «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы
№28/238-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4632 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымдағы №49 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.