Құжат мәтініне өту

«Об утверждении перечня отдельных категорий населения, подлежащих экстренной и плановой стоматологической помощи»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-106/2020 · қабылданған 21.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146625/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
«Об утверждении перечня отдельных категорий населения, подлежащих экстренной и плановой стоматологической помощи» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-106/2020 ·21.09.2020
30.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«Об утверждении перечня отдельных категорий населения, подлежащих экстренной и плановой стоматологической помощи»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-106/2020 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«Об утверждении перечня отдельных категорий населения, подлежащих экстренной и плановой стоматологической помощи»
Атауы (қаз.)
«Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-106/2020
Қабылданған күні
21.09.2020
Көрсетілген редакция
30.11.2022 146625_610734.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021254
ЭКБ идентификаторы
146625
Редакция идентификаторы
146625_610734
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:42

0 «Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы»

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 200-бабы 1-тармағының
1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші Вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесі

Халықтың шұғыл және
жоспарлы стоматологиялық
көмек алуға жататын жекелеген
санаттарының
тізбесіне қосымша
Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесі

Шұ­ғыл сто­ма­то­ло­ги­я­лық кө­мек алу­ға жа­та­тын ха­лық­тың са­нат­та­ры
1.
18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар
2.
Жүк­ті әй­ел­дер
3.
Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­рі
4.
1, 2, 3-топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар
5.
"Ал­тын ал­қа", "Кү­міс ал­қа" ал­қа­ла­ры­мен на­град­тал­ған кө­п­ба­ла­лы ана­лар
6.
Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті алушы­лар
7.
Жа­сы бой­ын­ша зей­нет­кер­лер
8.
Ин­фек­ци­я­лық, әле­умет­тік мәні бар ау­ру­лар­мен және ай­на­ла­сын­да­ғы­лар үшін қа­уіп төн­ді­ре­тін ау­ру­лар­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стар
9
Мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­ға кү­тім жа­са­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар
10
Ба­ла ке­зі­нен бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­ға кү­тім жа­са­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар
Жос­пар­лы сто­ма­то­ло­ги­я­лық кө­мек алу­ға жа­та­тын ха­лық­тың са­нат­та­ры
1.
18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар
2.
Жүк­ті әй­ел­дер

Қолданыстағы