Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Казталовскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Казталовскому району
- Атауы (қаз.)
- Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 52-2
- Қабылданған күні
- 18.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2020 146657_482355.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ZH006382
- ЭКБ идентификаторы
- 146657
- Редакция идентификаторы
- 146657_482355
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:44
0
Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.
2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.
3 3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.
4 4. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Казталов ауданында пикетеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
5 5. Казталов аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Кажгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Казталов ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары
Казталов аудандық мәслихатының
2020 жылғы 18 қыркүйектегі
№52-2 шешіміне 1-қосымша
Казталов ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары
№
Елді мекен
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Шекті толтырылу нормалары
1
Казталов ауылдық округі, Казталов ауылы
Ш.Шарафутдинов орталық көшесінің басында орналасқан аудандық әкімшілік ғимаратынан бастап шекара заставасына дейін
500 адамнан аспайтын
Ш.Шарафутдинов көшесінде орналасқан «Достық»
орталық саябағынан бастап аудандық әкімшілік ғимаратына дейін
500 адамнан аспайтын
2
Жалпактал ауылдық округі, Жалпақтал ауылы
С.Датұлы көшесінде орналасқан орталық саябақтан
Фурманов көшесінің қиылысына дейін
500 адамнан аспайтын
А.Құсайынов көшесіндегі Мәдениет үйінің жанында
орналасқан шағын арбаттан «Пошта» байланыс торабы ғимаратына дейін
500 адамнан аспайтын
3
Жаңажол ауылдық округі, Жаңажол ауылы
С.Датұлы көшесіндегі орталық саябақ пен С.Датұлы
көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
4
Қараөзен ауылдық округі, Қараөзен ауылы
Қараөзен көшесіндегі орталық саябақ, Қараөзен көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
5
Қайыңды ауылдық округі, Қайынды ауылы
С.Жұмашева көшесіндегі Мәдениет үйінің жаны, С.Жұмашева көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
6
Бірік ауылдық округі, Әжібай ауылы
Мәдениет көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
7
Ақпәтер ауылдық округі, Ақпәтер ауылы
Ақпәтер көшесіндегі орталық саябақ алаңы
200 адамнан аспайтын
8
Талдыапан ауылдық округі, Талдыапан ауылы
Бейбітшілік көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
9
Көктерек ауылдық округі, Көктерек ауылы
С.Ақбаев көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
10
Болашақ ауылдық округі, Болашақ ауылы
Болашақ көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
11
Бостандық ауылдық округі, Бостандық ауылы
Тәуелсіздікке 10 жыл көшесіндегі Мәдениет үйі алаңы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
12
Қараоба ауылдық округі, Қараоба ауылы
Бейбітшілік көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
13
Қошанкөл ауылдық округі, Қошанкөл ауылы
Асанғалиев көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
14
Талдықұдық ауылдық округі, Талдықұдық ауылы
С.Есетов көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
15
Тереңкөл ауылдық округі, Нұрсай ауылы
Желтоқсан көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
16
Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылы
Бейбітшілік көшесінің бойы
200 адамнан аспайтын
8 Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Казталов аудандық мәслихатының
2020 жылғы 18 қыркүйектегі
№52-2 шешіміне 2-қосымша
Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі
1 1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
2
2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
3 3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
4 4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
5
5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
14 Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Казталов аудандық мәслихатының
2020 жылғы 18 қыркүйектегі
№52-2 шешіміне 3-қосымша
Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
2 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:
жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;
қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;
шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.
3 3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.
18 Казталов ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Казталов аудандық мәслихатының
2020 жылғы 18 қыркүйектегі
№52-2 шешіміне 4-қосымша
Казталов ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары