Құжат мәтініне өту

О проведении мирных собраний в Кызылкогинском районе

Өзге акт · № LV-2 · қабылданған 10.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146664/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О проведении мирных собраний в Кызылкогинском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ LV-2 ·10.09.2020
12.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении мирных собраний в Кызылкогинском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ LV-2 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении мирных собраний в Кызылкогинском районе
Атауы (қаз.)
Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
LV-2
Қабылданған күні
10.09.2020
Көрсетілген редакция
12.06.2024 146664_705765.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20TE004733
ЭКБ идентификаторы
146664
Редакция идентификаторы
146664_705765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:53

0 Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 сәуірдегі № ІІ-7 «Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3504 тіркелген, 2016 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылқоға аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, жастар мәселесі және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (Сәрсенғалиева С.) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

Қызылқоға аудандық мәслихатының
2020 жылғы 10 қыркүйегі № LV-2
шешіміне қосымша
Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

1 1. Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары:


р/с
Арнайы орындар
Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
Шекті толу нормасы
1
Жастар паркі
1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 40 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу);
200 адамнан астам емес

2

2. Қызылқоға ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:

1 1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;

2 2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

3 3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

4 4. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.

Қолданыстағы