Құжат мәтініне өту

Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов

Бұйрық · № 339/НҚ · қабылданған 17.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146666/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов Қолданыста Бұйрық ·№ 339/НҚ ·17.09.2020
28.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов

Қолданыста Бұйрық ·№ 339/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов
Атауы (қаз.)
Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
339/НҚ
Қабылданған күні
17.09.2020
Көрсетілген редакция
28.12.2023 146666_680586.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021265
ЭКБ идентификаторы
146666
Редакция идентификаторы
146666_680586
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:46

0 Инновациялық гранттар берудiң басым

бағыттарын айқындау туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары айқындалсын.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12967 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 801 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған).

3 3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

11 Инновациялық гранттар берудің басым бағыттары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2020 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 339/НҚ бұйрығына
қосымша
Инновациялық гранттар берудің басым бағыттары

1 1. Экономика және қоғам тіршілігі салаларында қолданылатын жоғары өнімді технологиялар:

1 1) индустрия элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 4.0;

2 2) жаңа материалдар, аддитивті технологиялар, нанотехнологиялар;

3 3) биотехнология, медицина мен денсаулық сақтаудағы жаңа технологиялар;

4 4) өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар;

5 5) ғарыштық технологиялар;

6 6) экологиялық таза технологиялар, энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және баламалы энергетика;

7 7) жаңа қаржылық технологиялар;

8 8) электрондық өнеркәсіп;

9 9) робототехника;

10 10) әлеуметтік инновациялар.

Қолданыстағы