О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения на территории города Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения на территории города Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 69/629-6c
- Қабылданған күні
- 14.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2022 146670_588120.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20E0000128
- ЭКБ идентификаторы
- 146670
- Редакция идентификаторы
- 146670_588120
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:50
0 Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 503-бабына, 509-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес, Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он есеге арттырылсын.
2 2. «Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 мамырдағы №28/239-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 15 маусымда №4633 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымдағы №49 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.