О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 339
- Қабылданған күні
- 21.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2020 146684_482971.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0007574
- ЭКБ идентификаторы
- 146684
- Редакция идентификаторы
- 146684_482971
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:43
0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 31-тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Облыстың ветеринария басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізімі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
21 қыркүйегі № 339 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған
қаулыларының тізімі
1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4204 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылғы 17 желтоқсандағы «Дидар», 2015 жылғы 16 желтоқсандағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).
2
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қантардағы № 8 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4411 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 4 наурыздағы «Дидар» және 2016 жылғы 3 наурыздағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).
3
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4884 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2017 жылғы 28 ақпандағы «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).
4
4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 276 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5271 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2017 жылғы 25 қарашадағы «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).
5
5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 маусымдағы №194 «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6017 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2019 жылғы 20 маусымдағы «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).