Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 226 · қабылданған 14.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14671/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 226 ·14.04.2015
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 226 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
226
Қабылданған күні
14.04.2015
Көрсетілген редакция
19.08.2022 14671_592371.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000226
ЭКБ идентификаторы
14671
Редакция идентификаторы
14671_592371
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:28

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындалсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны тиісінше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорындар) болып қайта аталсын.

3 3. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:

1 1) кәсіпорындардың жарғысына өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекіту үшін енгізуді;

2 2) кәсіпорындарды әділет органдарында қайта тіркеуді;

3 3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 226 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-33-жолмен толықтырылсын:
«205-33. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы»;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-33-9-жол алып тасталсын.

2

3 3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы

6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2005 ж., №14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21 және 22-жолдармен толықтырылсын:
«21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»;
«2. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
«5. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы».

4

Қолданыстағы