Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Бұйрық · № ҚР ДСМ-110/2020 · қабылданған 23.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146723/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-110/2020 ·23.09.2020
23.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-110/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей
Атауы (қаз.)
Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-110/2020
Қабылданған күні
23.09.2020
Көрсетілген редакция
23.09.2020 146723_482286.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021283
ЭКБ идентификаторы
146723
Редакция идентификаторы
146723_482286
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:40

0 Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 78-бабының 7-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілсін.

2

2. «Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 493 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5845 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 24 қараша, № 179 (1775) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 қыркүйегі
№ ҚР ДСМ-110/2020
бұйрығымен бекітілген
Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі

1 1. Жіті инфекциялық аурулары.

2 2. Туберкулез (белсенді туберкулездің кез-келген нысаны).

3 3. Алапес.

4 4. Стационарлық емдеуді талап ететін мерез (белсенді нысаны).

5 5. Жұқпалы тері аурулары.

6 6. Стационарлық емдеуді талап ететін орталық нерв жүйесінің жіті аурулары.

7 7. Стационарлық емдеуді талап ететін трофиканың ауыр бұзылулары.

Қолданыстағы