О некоторых вопросах проведения мирных собраний
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения мирных собраний
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41/442
- Қабылданған күні
- 23.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2021 146873_552137.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ME004298
- ЭКБ идентификаторы
- 146873
- Редакция идентификаторы
- 146873_552137
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:40
0 Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.
2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3 3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4
4. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 4/41 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3146 болып тіркелген, 2016 жылы 13 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), 2017 жылғы 9 наурыздағы 7/91 «Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 4/41 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3328 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
6 6. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
7 7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
8 Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Маңғыстау аудандық мәлихатының
2020 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 41/442 шешіміне
1 қосымша
Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1 1. Алаң, Шетпе ауылы, Орталық алаң.
2 2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шетпе ауылындағы Қызылтұран шағын ауданынан Қосбұлақ-2 шағын ауданына дейінгі автокөлік жолы.
11 Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Маңғыстау аудандық мәлихатының
2020 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 41/442 шешіміне
2 қосымша
Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.
2
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4 4. Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасы:
1 1) Алаң, Шетпе ауылы, Орталық алаң, шекті толу нормасы 250 адам;
2 2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шетпе ауылындағы Қызылтұран шағын ауданынан Қосбұлақ-2 шағын ауданына дейінгі автокөлік жолы, шекті толу нормасы 250 адам.
5 5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7 7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8 8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9 9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Маңғыстау ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
23 Маңғыстау аудандық мәлихатының
2020 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 41/442 шешіміне
3 қосымша
Маңғыстау ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Маңғыстау ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді: