Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативно-технического документа в сфере газа и газоснабжения

Бұйрық · № 340 · қабылданған 30.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146967/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении нормативно-технического документа в сфере газа и газоснабжения Қолданыста Бұйрық ·№ 340 ·30.09.2020
30.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативно-технического документа в сфере газа и газоснабжения

Қолданыста Бұйрық ·№ 340 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативно-технического документа в сфере газа и газоснабжения
Атауы (қаз.)
Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
340
Қабылданған күні
30.09.2020
Көрсетілген редакция
30.09.2020 146967_483558.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021347
ЭКБ идентификаторы
146967
Редакция идентификаторы
146967_483558
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:32

0 Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 340 бұйрығымен
бекітілген
Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеуге арналған.

2 2. Әдістеме газ тарату ұйымдарының (бұдан әрі – ГТҰ) меншігіндегі, сондай-ақ осындай қызметтерді көрсетуге арналған шарттар бойынша басқа ұйымдардың балансындағы газ құбырларын және олардағы құрылыстарды пайдалану кезінде ГТҰ-ға қолданылады.

3

3. Әдістеме Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы №673 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес газ тарату жүйелері объектілеріндегі тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу кезінде мынадай жағдайларда қолданылады:

1 1) газ реттеу пункттерінің (бұдан әрі – ГРП), шкафтық газ реттеу пункттерінің (бұдан әрі – ШРП) жабдықтарын пайдалануға беру және дәлдеу;

2 2) газ құбырларының, жабдықтың және аспаптардың тауарлық газдан босауына және саңылаудың пайда болуына байланысты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

3 3) сақтандырғыш шығарып тастаушы клапандардың (бұдан әрі – СШК) және сақтандырғыш бекітпе клапандардың (бұдан әрі – СБК) жұмысын тексеру;

4

4) тауарлық газ шығынын есепке алу үшін қызмет жасайтын газ шығынын өлшеу құралдарын (бұдан әрі – ГШӨҚ) және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану (кезекті тексеру жүргізу үшін өлшеу құралдарын жөндеу, ауыстыру, шешіп алу және орнату, тарылтушы құрылғылардың және шығыс өлшегіштердің ішкі жағын тексеру, бекітпе арматура, бұрандалы және ернемекті жалғастырулар арқылы газдың шығып кетуі);

5 5) тауарлық газдың СШК арқылы авариялық түрде шығарылуы, ГРП, ШРП газ жабдықтарының және сыртқы газ құбырларының саңылаусыз еместігі, газ құбырларының зақымдануы мен үзілуі, конденсатталған ылғалды ағызуы;

6 6) газды есепке алу аспаптарының көмегімен тауарлық газ есепке алынбаған кезде тұтынушының газ тұтыну жүйесін іске қосу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде.

2 2-тарау. Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктерге арналған тауарлық газ шығынының нормаларын есептеу

4 4. Жеке технологиялық қажеттіліктерге арналған тауарлық газ шығынының нормаларын есептеу осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес бастапқы деректер бойынша жүргізіледі.

5 5. ГТҰ-ның балансындағы әкімшілік-тұрмыстық, өндірістік ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды жылыту және желдету үшін жылу энергиясын өндіруге қажетті тауарлық газдың жылдық шығыны V (м3) жылыту кезеңінің бойында мынадай формула бойынша анықталады:

мұнда:
S - жылытылатын үй-жайлардың алаңы, м2 (орталықтан жылытылмайтын және тауарлық газбен жылытуға жататын үй-жайлардың тізімі);
Qнр – тауарлық газдың жану жылуы (ккал/м3), тауарлық газдың паспорты бойынша нақты мәні қабылданады;
tвн- жылытылатын ғимараттардың ішкі ауасының орташа есептік температурасы, °C: қызметтік үй-жайлар үшін +20 °C, өндірістік цехтар үшін – (+16 °C), ГТП ғимараттары үшін - (+ 5°C) тең етіп қабылданады;
Төменде келтірілген параметрлердің мәндері осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.
qуд - 1 м2 жылытылатын алаңға шаққанда ғимаратты жылытуға жұмсалатын жылу қуатының нормаланған меншіктік сағаттық шығыны, Вт/(сағ·м2).
nо - жылыту кезеңінің ұзақтығы, тәуліктер;
tсро- жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы, 0С;
tpо - ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасы, 0С.

6 6. Есепке алу аспабы бұзылған кезде немесе ол болмаған жағдайда газ пайдаланушы қондырғының ең үлкен тұтыну қуаты (м3/сағ) газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша мынадай формула бойынша анықталады:

мұнда:
d – газ құбырының ішкі диаметрі, м;
v - газ құбырының санатына сәйкес тауарлық газдың қозғалу жылдамдығы, м/с; төмен қысымды газ құбырлары үшін – 7 м/с, орта қысымды газ құбырлары үшін – 15 м/с, жоғары қысымды газ құбырлары үшін – 25 м/с;
3600 – бір сағат ішіндегі секундтар саны;
kс - «Газдар. Көлемді анықтауға арналған жағдайлар» 2939-63 МЕМСТ сәйкес газ көлемін стандарттық жағдайға қайта есептеу коэффициенті (температура Тс = 293,15 К, қысым Рс = 101325 Па).
Қайта есептеу коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
мұнда:
Рб - тауарлық газбен жабдықтау ауданындағы барометрлік қысым (Па);
Рг - тауарлық газдың артық қысымы, манометр бойынша (Па);
Р - тауарлық газдың абсолют қысымы (Па), артық және барометрлік қысым мәндерін қосу арқылы анықталады;
Тг - тауарлық газдың абсолют (термодинамикалық) температурасы (К);
tг - тауарлық газдың температурасы (оС) газбен жабдықтау ауданындағы сыртқы ауаның температурасына тең қабылданады.

7

7. СШК күйге келтіре отырып және іске қосылуын тексере отырып ГРП, ШРП-да алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тауарлық газдың шығын нормасын есептеу «Құбыр арматурасы. Сақтандыру клапандары. Өткізу қабілетін таңдау және есептеу» 12.2.085-2017 МЕМСТ-қа сәйкес анықталады. Ауаға шығарылатын тауарлық газдың ағын режимі төмендегі формула бойынша айқындалатын абсолют қысымдардың қатынасы бойынша анықталады:
мұнда:
β - абсолют қысымдарының қатынасы, тауарлық газ ағымының критикалық емес режимі кезінде мәні 0,5457 асады, ал критикалық режимі кезде – 0,5457 тең немесе кем болады;
Р0 - шамнан қоршаған ортаға шығу кезіндегі тауарлық газдың абсолют қысымы (Па), осы аудандағы барометрлік қысымға тең болып қабылданады;
Р1 - кран алдындағы кіретін жердегі тауарлық газдың абсолют қысымы (Па);
Рг - тауарлық газдың артық қысымы (Па), СШК параметрлерін тексеру кезінде реттеушіден кейінгі жұмыс қысымынан 15% жоғары болып қабылданады; Төмен қысымды газ құбырын ауамен үрлеу газ құбырының жұмыс қысымымен, ал орта және жоғары қысымды газ құбырларында – 0,1 МПа артық емес қысыммен жүргізіледі.
Рб – газбен жабдықтау ауданындағы барометрлік қысым (Па), іріленген есеп үшін осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

8 8. ГРП, ШРП алдын-алу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті тауарлық газдың жылдық көлемі мынадай формулалар бойынша анықталады:

(β ≤ 0,5457) кезінде (ағымның критикалық режимі)
(β > 0,5457) кезінде (ағымның критикалық емес режимі)
мұнда:
Nгрп – күйге келтіру және үрлеу қысымдарына қарай бөлінген қолданыстағы ГРП, ШРП саны;
n - жыл ішінде жасалатын іс-әрекеттер саны, жүргізілетін профилактикалық және жөндеу жұмыстарының санына сәйкес қабылданады;
d - клапан отырғышының диаметрі (м); ГРП, ШРП нақты жабдықталуына байланысты мына қатардан таңдалады: 0,015; 0,02; 0,025; 0,032; 0,04; 0,05; тең өткізгіш кран үшін қашыртқы арматурасы отырғышының диаметрі (м) кран алдындағы кіріс түтікшенің шарттық диаметріне тең болып қолданылады, стандартты өткізгіш кран үшін (Ду) одан бір қатар төмен шарттық диаметр қолданылады;
ρc - стандартты жағдайлардағы тауарлық газдың тығыздығы (кг/м3), тауарлық газдың паспорты бойынша нақты мәні алынады;
ρ1 - жұмыс жағдайларындағы тауарлық газдың тығыздығы (кг/м3).
Жұмыс жағдайларындағы тауарлық газдың тығыздығы мынадай формула бойынша анықталады:
мұнда:
Мm - тауарлық газдың мольдік массасы (кг/кмоль);
R - меншіктік газ тұрақтысы, 8,31451 кДж/(кмоль·К) тең;
Т1 - тауарлық газдың абсолют температурасы (К), Т1 =273,15 + tг;
tг - тауарлық газдың температурасы (оС), іріленген есеп үшін осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес сыртқы ауаның орташа жылдық температурасы қабылданады.

9 9. Тауарлық газдың ГРП, ШРП СШК арқылы шығарылып тастаған кездегі көлемі Vпск (м3) мынадай формула бойынша есептеледі:

мұнда:
ν - шығарып тастау нормасы (480 м3/ай);
30 - ай ішіндегі тәуліктердің саны;
0,1 - 10% сәйкес келетін үлес;
365 - жыл ішіндегі тәуліктердің саны;
- тек тұрмыстық тұтынушыларды (коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен халықты) ғана газбен жабдықтайтын ГРП саны.

10 10. Пайдалануға беру барысы кезінде таратушы жүйенің сыртқы газ құбырларын үрлеуге және толтыруға қажетті тауарлық газдың жылдық көлемі Vпр (м3) мынадай формула бойынша анықталады:

мұнда:
kпр - тауарлық газдың шамадан тыс көлемін үрлеу арқылы қол жеткізуге болатын үрлеу сапасын ескеретін коэффициент 1,25-ге тең болып қолданылады;
d - газ құбырының шарттық диаметрі Ду (м), полиэтилен құбырлары үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес қабылданады.
L – шартты диаметріне және оның ішіндегі жұмыс қысымына сәйкес газ құбырының ұзындығы (км).

11 11. Сыртқы газ құбырларында профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті тауарлық газдың жылдық мөлшері Vпр.р (м3) мынадай формула бойынша анықталады:

а а) төмен қысымды газ құбырлары үшін:

б б) орта қысымды газ құбырлары үшін:

в в) жоғары қысымды газ құбырлары үшін:

3 3-тарау. Газ тарату жүйелеріндегі тауарлық газ ысыраптарының нормаларын есептеу

12 12. ГРП, ШРП және ГШӨҚ газ жабдықтарының саңылаусыз еместігінен болған тауарлық газ ысыраптарын есептеу мынадай формулалар бойынша анықталады:

а а) жыл бойы жұмыс істейтін ГРП, ШРП үшін:

б б) жылыту кезеңінде ғана пайдаланылатын маусымдық ГРП, ШРП үшін:

в в) жеке ШРП және ГШӨҚ үшін:

мұнда:
Nкг, Nс - жыл бойы немесе маусым кезінде жұмыс істейтін ГРП, ШРП және ГШӨҚ саны.
0,6 – Казанцев әмбебап қысым реттегіші, Казанцев блокты қысым реттегіші, Газ қымысын реттегіш типтегі қысым реттегіштері бар ГРП газ жабдығындағы ысыраптардың шамасы (м3/сағ);
0,3 – Тәуелсіз құрама қысым реттегіш типтегі қысым реттегіштері бар ШРП газ жабдығындағы ысыраптардың шамасы (м3/сағ);
0,05 – жеке ШРП және ГШӨҚ газ жабдығындағы ысыраптардың шамасы (м3/сағ).

13 13. Тарату (жерасты және жерүсті) газ құбырларының саңылаусыз еместігінен болатын тауарлық газдың ысыраптарын есептеу (авариялар және зақымдалулар кезіндегі ысыраптарды есепке алмағанда) Vн (м3) мынадай формула бойынша анықталады:

мұнда:
ν – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес қабылданатын, тауарлық газдың қысымына және құбыр диаметріне байланысты жоғарыда аталған шығып кетулердің барлық түрлерін есепке алатын тауарлық газдың үлестік газ ысырабының іріленген көрсеткіші (1 км газ құбыры үшін жылына м3).

14 14. Авариялар және зақымданулар кезінде тауарлық газ ысыраптарының нормаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Газ құбырларын босатып және одан кейін тауарлық газбен үрлеп (жұмыс аяқталғаннан кейін) жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ газ құбырының ажыратылған бөлігіндегі қысымды жұмыс параметрлеріне дейін жеткізіп қалпына келтіруге қажетті тауарлық газдың ысырап көлемі Vпр.р (м3) мынадай формула бойынша анықталады:
Қысым реттегіштердің күйге келтірілуін және СШК іске қосылуын тексере отырып, ГРП, ШРП қайта іске қосу кезіндегі тауарлық газ ысырабының көлемі Vн(то) (м3) жүргізілетін операциялардың саны n = 1 екені ескеріліп, осы Әдістеменің 2.6 және 2.7-формулалары бойынша анықталады.
Тауарлық газ ысыраптарының кему кезіндегі көлемі Vист (м3) мынадай формула бойынша анықталады:
мұнда:
τист - тауарлық газдың таусылу уақыты (сағ);
Тауарлық газ таусылуының массалық шығыны Gист (кг/с), таусылу режиміне байланысты анықталады:
(β ≥ 0,5457) кезінде (ағымның критикалық режимі)
(β ≥ 0,5457) кезінде (ағымның критикалық емес режимі)
мұнда:
f - зақымданған кезде пайда болған ақаулардың жиынтық ауданы (м2);
α- шығын коэффициенті, газ құбырының қабырғасындағы жұқа тесік арқылы тауарлық газдың кемуі кезінде 0,59 тең қабылданады;
kv – қосымша гидравликалық ысыраптың салдарынан жоғары тұтқырлы орта (су немесе басқа) болған кезде тауарлық газ шығынының азаюын ескеретін түзету коэффициенті осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес, таза құрғақ газ үшін kv = 1,0.
Газ құбыры үзілген жағдайда үзілу орнындағы көлденең қиманың ауданы оның ішкі диаметрі бойынша «Дәнекерленген болат құбырларды қосу. Негізгі типтер, конструктивтік элементтер мен мөлшерлер» 16037-80 МЕМСТ-қа сәйкес анықталады.

15

15. Бұрандалы қосылыстар арқылы тауарлық газдың шығып кетуі байқалған кезде зақымдану орнына сабынды су жағылып, пайда болған көпіршіктерге қарай тауарлық газдың шығу орнының шеңбер бойынша ұзындығының мәні анықталады. Бұрандалы қосылыстағы тауарлық газдың шығу орнының ені «Өзара ауыстырымдылықтың негізгі нормалары. Цилиндр құбыр бұрандасы» 6357-81 МЕМСТ-қа сәйкес бұранданың өлшеміне (G) байланысты анықталады.

16

16. Газ құбырларынан конденсатталған ылғалды ағызу кезінде тауарлық газ ысырабының нормаларын есептеу газ құбырларында ылғал мен конденсат болған жағдайда жүргізіледі. Ылғал мен конденсаттың болуын тексеру олардың бітелу мүмкіндігін болдырмайтын мерзім сайын жүргізіледі. Ылғалды шығару кезіндегі тауарлық газ ысыраптарының көлемі Vсбр (м3) мынадай формула бойынша анықталады:
мұнда:
Х - шығарып тастау арматурасының алдындағы жұмыс жағдайлары кезіндегі ылғалды газдың құрғақтық дәрежесі (0 < Х ≤ 1,0).

1 Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеуге қажет бастапқы деректер

Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесіне 1-қосымша
Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеуге қажет бастапқы деректер
Жалпы жылытылатын алаңдар:

а а) әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ___________ м2;

б б) өндірістік үй-жайлар _________ м2;

в в) ГРП үй-жайлары _______________ м2.

Газ желілерінің ұзындығы:
Газ құбырларының санаты
Қысымы, МПа
(Ду) сәйкес газ құбырларының ұзындығы, км
20
25
32
-
-
-
Төмен қысымды
0,005
Орта қысымды
0,3
Жоғары қысымды
0,6
Жоғары қысымды
1,2
ГРП, ШРП, жеке ШРП және ГШӨҚ саны:
Құрылғы атауы
Қысымы, МПа
Саны, дана
Өткізгіш қабілеті, м3/сағ
Жұмыс жасау тәртібі
Тұрмыстық тұтынушыларға қызмет көрсететіндері
кіруі
шығуы
d, м
Qн ≥ 50
Qн < 50
жыл бойы
маусым кезінде
ГРП
ШРП
Жеке ШРП
ГШӨҚ
📌 Ескерту. ГШӨҚ үшін тек саны көрсетіледі.

2 Жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығынын есептеудің негізгі параметрлері

Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесіне 2-қосымша
Жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығынын есептеудің негізгі параметрлері
Республикалық маңызы бар қалалар және ҚР облыстық орталықтары
Барометр лік қысым Рб, Па
Сыртқы ауаның орташа температурасы, °C
Жылыту кезеңінің ұзақтығы,
n0, тәулік
Ғимараттарды жылытуға арналған ең үлкен жылу ағынының іріленген көрсеткіші, qуд, Вт/(сағ·м2)
ең суық бес күн ішінде,
tро
жылыту кезеңінде
tсро
бір жыл ішінде
tr
1
2
3
4
5
6
7
Нұр-Сұлтан
97750
-31,2
-8,1
1,8
216
180
Алматы
92055
-20,1
-1,8
8,9
167
173
Шымкент
94652
-14,3
1,4
12,2
143
161,8
Ақтау
101990
-14,9
0,9
11,3
157
161
Ақтөбе
99250
-25,1
-6,7
4
203
177,6
Атырау
102100
-24,9
-3,5
8,9
177
173,8
Қарағанды
95390
-28,9
-6,9
2,7
214
178,2
Көкшетау
99070
-33,7
-7,4
2
217
181,4
Қостанай
99960
-33,5
-8,1
1,9
214
180
Қызылорда
100295
-23,44
-3,6
9,2
168
171,6
Павлодар
100520
-34,6
-8,3
2,2
212
182,8
Петропавловск
100100
-34,8
-8,6
0,8
222
181,4
Талдықорған
94879
-25,3
-3,7
7,5
175
177
Тараз
94199
-21,1
-1,2
9,6
164
173,8
Түркістан
99294
-20,6
-0,6
12
149
168,8
Орал
101410
-29,6
-6
4,7
200
177,6
Өскемен
98650
-37,3
-7,5
2,8
206
185,6

3 Тауарлық газды тасымалдау үшін жиі пайдаланылатын полиэтилен құбырларының геометриялық өлшемдері

Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесіне 3-қосымша
Тауарлық газды тасымалдау үшін жиі пайдаланылатын полиэтилен құбырларының геометриялық өлшемдері
Нақтылы сыртқы диаметрі (dn) мм
Қабырғасының ең аз қалыңдығы (ey.min) және ішкі диаметрі (dвн)
SDR 17,6
SDR 11
ey.min, мм
dвн, мм
Ду, мм
ey.min, мм
dвн, мм
Ду, мм
16
2,3
11,4
10
3
10
10
20
2,3
15,4
15
3
14
15
25
2,3
20,4
20
3
19
20
32
2,3
27,4
25
3
26
25
40
2,3
35,4
32
3,7
32,6
32
50
2,9
44,2
40
4,6
40,8
40
63
3,6
55,8
50
5,8
51,4
50
75
4,3
66,4
65
6,8
61,4
65
90
5,2
79,6
80
8,2
73,6
65
110
6,3
97,4
100
10
90
80
125
7,1
110,8
100
11,4
102,2
100
140
8
124
125
12,7
114,6
100
160
9,1
141,8
125
14,6
130,8
125
180
10,3
159,4
150
16,4
147,2
150
200
11,4
177,2
150
18,2
163,6
150
225
12,8
199,4
200
20,5
184
150
250
14,2
221,6
200
22,7
204,6
200
280
15,9
248,2
250
25,4
229,2
200
315
17,9
279,2
250
28,6
257,8
250
355
20,2
314,6
300
32,3
290,4
300
400
22,8
354,4
350
36,4
327,2
300
450
25,6
398,8
400
40,9
368,2
350
500
28,4
443,2
450
45,5
409
400
560
31,9
496,2
500
50,9
458,2
450
630
35,8
558,4
550
57,3
515,4
500

4 Газ тарату жүйелеріндегі тауарлық газдың үлестік ысыраптары, 1 км газ құбыры үшін жылына м3

Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесіне 4-қосымша
Газ тарату жүйелеріндегі тауарлық газдың үлестік ысыраптары, 1 км газ құбыры үшін жылына м3
Шартты диаметр
Ду, мм
Газдың жұмыстық қысымы, МПа
0,003
0,005
0,1
0,2
0,3
0,4
0,5
0,6
0,8
1,2
32
0,37
1,26
33
66
98
132
165
196
264
392
40
0,57
1,93
51
102
154
204
255
308
408
616
50
0,91
3,00
80
160
240
320
400
480
640
959
65
1,50
5,05
135
270
406
540
675
811
1080
1620
80
2,30
7,70
205
410
614
820
1025
1228
1640
2457
100
3,60
12,00
320
640
959
1280
1600
1918
2560
3839
150
8,20
27,00
720
1440
2159
2880
3600
4318
5760
8637
200
14,40
48,00
1280
2560
3839
5120
6400
7677
10240
15353
250
22,75
75,00
1999
3998
5998
7996
9995
11995
15992
23976
300
32,30
108,0
2879
5758
8637
11516
14395
17274
23032
34517
400 және үлкен
57,60
192,0
5119
10238
15358
20476
25595
30715
40952
61417

5 Жоғары тұтқыр орта болған кезде тауарлық газ шығынының азаюын ескеретін түзету коэффициентінің мәндері

Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесіне 5-қосымша
Жоғары тұтқыр орта болған кезде тауарлық газ шығынының азаюын ескеретін түзету коэффициентінің мәндері
Қысымы, Па
Шығарып тастаушы арматураның шартты диаметрі, мм
15
20
25
32
40
50
65
80
100
2000
0,773
0,822
0,852
0,879
0,899
0,918
0,930
0,938
0,946
2500
0,794
0,837
0,865
0,890
0,908
0,923
0,935
0,942
0,950
3000
0,809
0,849
0,874
0,897
0,917
0,928
0,938
0,945
0,952
3500
0,820
0,858
0,882
0,904
0,921
0,931
0,941
0,948
0,954
4000
0,830
0,866
0,888
0,909
0,924
0,934
0,943
0,950
0,956
4500
0,837
0,872
0,893
0,916
0,927
0,936
0,945
0,952
0,958
5000
0,845
0,877
0,898
0,918
0,929
0,938
0,947
0,953
0,959
10000
0,882
0,908
0,923
0,934
0,942
0,949
0,957
0,962
0,967
50000
0,934
0,944
0,951
0,958
0,963
0,968
0,973
0,976
0,979
100000
0,946
0,954
0,960
0,966
0,970
0,974
0,978
0,981
0,984
150000
0,953
0,960
0,965
0,970
0,974
0,978
0,981
0,984
0,986
200000
0,958
0,965
0,969
0,974
0,977
0,980
0,983
0,986
0,988
250000
0,962
0,968
0,972
0,976
0,979
0,982
0,985
0,987
0,989
300000
0,965
0,971
0,975
0,978
0,981
0,984
0,987
0,989
0,991
350000
0,968
0,973
0,977
0,980
0,983
0,985
0,988
0,990
0,992
400000
0,970
0,975
0,978
0,982
0,984
0,987
0,989
0,991
0,992
450000
0,972
0,976
0,980
0,983
0,985
0,988
0,990
0,992
0,993
500000
0,973
0,978
0,981
0,984
0,986
0,988
0,991
0,992
0,994
600000
0,976
0,980
0,983
0,986
0,988
0,990
0,992
0,993
0,995
700000
0,978
0,982
0,985
0,987
0,989
0,991
0,993
0,994
0,996
800000
0,980
0,983
0,986
0,988
0,990
0,992
0,994
0,995
0,996
900000
0,981
0,985
0,987
0,989
0,991
0,993
0,994
0,996
0,997
1000000
0,983
0,986
0,988
0,990
0,992
0,993
0,995
0,996
0,997
1100000
0,984
0,987
0,989
0,991
0,993
0,994
0,996
0,997
0,998
1200000
0,985
0,988
0,990
0,992
0,993
0,995
0,996
0,997
0,998
📌 Ескерту. Түзету коэффициентінің мәндері МЕМСТ 12.2.085-2017 Құбыр арматурасы. Сақтандыру клапандары. Өткізу қабілетін таңдау және есептеу бойынша есептелген.

Қолданыстағы