Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Бокейординскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Бокейординскому району
- Атауы (қаз.)
- Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 45-2
- Қабылданған күні
- 25.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2020 146977_484225.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ZD006402
- ЭКБ идентификаторы
- 146977
- Редакция идентификаторы
- 146977_484225
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:37
0
Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.
2 2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.
3 3. Осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.
4 4. Осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
5 5. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары
Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 45-2
шешіміне 1 – қосымша
Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін
арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары
№
Елдi мекен
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Шекті толтырылу нормалары
1.
Сайқын ауылы
196-ыншы Қызылтулы Гатчинск атқыштар дивизиясының ескерткіші орналасқан саябақ алаңы – Жамбыл көшесі (Р.Егізбаев көшесінен бастап Жамбыл көшесінің қиылысына дейін)
50 адамнан аспайтын
2.
Сайқын ауылы
Т.Жароков пен Қазақстан көшесі қиылысындағы алаңы (Т.Жароков көшесі бойымен Қазақстан көшесі қиылысына дейін)
40 адамнан аспайтын
3.
Ұялы ауылы
Ұялы ауылы орталығындағы саябақ (Х.Маданов көшесі бойымен Д.Нұрпейсова көшесі қиылысына дейін)
80 адамнан аспайтын
4.
Мұратсай ауылы
«Жеңіс сквері» алаңы (М.Мәметова көшесі бойымен Т.Әубәкіров көшесі қиылысына дейін)
70 адамнан аспайтын
5.
Бисен ауылы
ауылдық мәдениет үйінің алды (Ш.Жексенбаев көшесі бойымен Б.Жәникешев көшесіне дейін)
50 адамнан аспайтын
6.
Хан Ордасы ауылы
ауылдық мәдениет үйінің алды (А.Оразбаева көшесінен бастап Жәңгір хан көшесіне дейін)
50 адамнан аспайтын
7.
Саралжын ауылы
ауылдық мәдениет үйінің алаңы (Достық көшесі бойымен М.Мәметова көшесіне дейін)
80 адамнан аспайтын
8.
Бөрлі ауылы
ауылдық әкімшілік ғимараты жаңындағы саябақ (С.Датұлы көшесінен бастап М.Мәметова көшесіне дейін)
30 адамнан аспайтын
8 Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 қыркүйектегі №45-2 шешіміне 2 – қосымша
Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі
1 1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
2
2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
3 3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
4 4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
5
5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
14 Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 қыркүйектегі №45-2 шешіміне 3 – қосымша
Бөкей ордасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
2 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:
жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;
қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;
шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.
3 3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.
18 Бөкей ордасы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 қыркүйектегі №45-2 шешіміне 4 – қосымша
Бөкей ордасы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары