Құжат мәтініне өту

О проведении инвентаризации недвижимого имущества

Қаулы · № 52 · қабылданған 17.02.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14699/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О проведении инвентаризации недвижимого имущества Күшін жойған Қаулы ·№ 52 ·17.02.2003
27.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении инвентаризации недвижимого имущества

Күшін жойған Қаулы ·№ 52 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении инвентаризации недвижимого имущества
Атауы (қаз.)
Жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
52
Қабылданған күні
17.02.2003
Көрсетілген редакция
27.03.2009 14699_208942.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03T0001338
ЭКБ идентификаторы
14699
Редакция идентификаторы
14699_208942
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:27

0 Жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 25 қарашадағы N 183-ө "Жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзу туралы" өкiмiн орындауда, иесiз мүлiктi анықтап, оны кейiннен есепке қою мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзу бойынша Облыстық комиссия (әрi қарай - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

Комиссияның жұмысшы органы болып Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасы белгіленсін.
Комиссияның жұмысшы органы жоғарыда көрсетілген қаулының жүзеге асырылуына ай сайын мониторинг жүргізсін және қорытындыланған ақпаратты комиссияға есепті айдан кейінгі айдын 10-шы жұлдызынан кешіктірмей берсін.
📌 Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - Атырау облыстық әкімиятының 28.05.2003 N 122 қаулысымен.

2

2. Атырау қаласы мен аудан әкiмдерi "Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Атырау облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен (келiсiм бойынша) (бұдан әрi - Жылжымайтын мүлiк орталығы), жер ресурстарын басқару жөнiндегi Атырау облыстық комитетiмен (келiсiм бойынша), жердi пайдалануға бақылау жасау және қорғау жөнiндегi инспекциясымен бiрiге отырып 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде:

1 1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң аумағында тұрған барлық жылжымайтын мүлiкке комиссиялық түгендеудi жүргiзсiн;

2 2) түгендеу мәлiметтерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктiң тiзбесiн жасасын;

3 3) Атырау облыстық коммуналдық меншiк басқармасымен бiрiге отырып, түгендеу кезiнде анықталған иесiз жылжымайтын мүлiктi Жылжымайтын мүлiк орталығына Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 242 бабына сәйкес есепке қойсын;

4 4) Комиссияға ай сайын осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты және иесiз мүлiктiң есепке алынғандығы туралы материалдарды, оларды әрi қарай пайдалану ұсынысымен қоса берсiн.

3 3. Атырау облысының коммуналдық меншiк басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жылжымайтын иесiз мүлiктi есепке қойған күннен бастап жыл өткеннен кейiн, оны коммуналдық меншiкке түскенiн тану туралы талабымен сотқа шағымдансын.

4 4. Атырау қаласы мен аудан әкiмдерi, Атырау облысының әдiлет басқармасы (келiсiм бойынша) және Жылжымайтын мүлiк орталығы облыс халқы арасында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу тәртiбi туралы түсiндiру жұмысын жүргiзсiн.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.К. Нокинге жүктелсiн.

10 Облыс әкiмиятының

2003 жылғы 17 ақпандағы
N 52 қаулысына қосымша
Жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзу жөнiндегi облыстық комиссия

1 1. Нокин Серiк Кеңесұлы - Облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия

төрағасы;

2 2. Оспанов Валерий Мұқашұлы - Экономика және кәсiпкерлiктi қолдау

бас басқармасының бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелерi:

3 3. Әкiмжанов Жандос

Әбiлханұлы - Атырау облыстық коммуналдық меншiк
басқармасының бастығы;

4 4. Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы - Облыс әкiмi аппаратының

мемлекеттiк-құқықтық
және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмiнiң
меңгерушiсi;

5 5. Жмыхов Анатолий Александрұлы - Жер ресурстарын басқару жөнiндегi Атырау

облыстық комитетiнiң төрағасы (келiсiм
бойынша);

6 6. Нұршаев Есенгелдi - Жердi пайдалануға бақылау жасау және

қорғау жөнiндегi инспекцияның бастығы;

7 7. Тұматов Сабырхан Идиқанбекұлы - Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгi

Тiркеу қызметi комитетiнiң Атырау облысы
бойынша жылжымайтын мүлiк орталығының
директоры;

8 8. Райымқұлов Мирболат Төлеуұлы - Атырау облысы бойынша Салық комитетiнiң

төрағасы (келiсiм бойынша).

Қолданыстағы