Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах республиканских государственных предприятий, находящихся в ведении Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан

Қаулы · № 639 · қабылданған 02.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147025/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах республиканских государственных предприятий, находящихся в ведении Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 639 ·02.10.2020
01.07.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах республиканских государственных предприятий, находящихся в ведении Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 639 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах республиканских государственных предприятий, находящихся в ведении Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
639
Қабылданған күні
02.10.2020
Көрсетілген редакция
01.07.2021 147025_528707.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000639
ЭКБ идентификаторы
147025
Редакция идентификаторы
147025_528707
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:29

0 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы
6-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

3 3) кәсіпорын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтыру

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтыру

1

2 2. «Стандарттау жөніндегі ұлттық органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 885 қаулысында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны стандарттау жөніндегі ұлттық орган болып белгіленсін.».

3

3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 28, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;» және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.» деген жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».

Қолданыстағы