О признании утратившими силу некоторых решений Аксуского городского маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Аксуского городского маслихата
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 446/65
- Қабылданған күні
- 24.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2020 147066_483617.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PB006975
- ЭКБ идентификаторы
- 147066
- Редакция идентификаторы
- 147066_483617
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:39
0 Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ақсу қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі «Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 14/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2
2. Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы «Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі «Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 394/57 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6734 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
3
3. Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» № 96/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5477 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).