О присвоении наименований новым улицам и переименовании переулков города Каскелен
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований новым улицам и переименовании переулков города Каскелен
- Атауы (қаз.)
- Қаскелең қаласының жаңа көшелеріне атау беру және тұйық көшелерді қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 59-4
- Қабылданған күні
- 28.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2020 147088_485249.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DK005694
- ЭКБ идентификаторы
- 147088
- Редакция идентификаторы
- 147088_485249
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:36
0 Қаскелең қаласының жаңа көшелеріне атау беру
және тұйық көшелерді қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Қаскелең қаласы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қаскелең қаласының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
батысында орналасқан көшелерге «Ұлы Дала», «Мәңгілік Ел», «Орбұлақ», «Алтынемел», «Хантау», «Шыңғыстау»;
оңтүстігінде орналасқан көшелерге «Ақбозат», «Асқартау», «Жасқыран», «Киікті», «Қоғалы», «Ақсарай», «Ақшоқы», «Отырар», «Ордабасы», «Қарқаралы», «Салауат», «Сәйгүлік», «Іле», «Сыбаға», «Тамшылы», «Телқоңыр», «Таукент», «Тұмар»;
шығысында орналасқан көшелерге «Қызғалдақ», «Қосшоқы»;
оңтүстік шығысында орналасқан көшелерге «Құмкент», «Мерген», «Мұзарт», «Отау», «Наркескен», «Қарашоқы», «Желмая», «Кемеңгер», «Көкпар», «Қағанат», «Қазына», «Жас дәурен», «Дарабоз», «Алтай»;
солтүстігінде орналасқан көшелерге «Атамұра», «Баянтау», «Ақниет», «Шаңырақ», «Шамшырақ»;
солтүстік-батысында орналасқан көшелерге «Ақкент», «Ақотау», «Аманат».
2 2. Қаскелең қаласының тұйық көшелері қайта аталсын:
«Ақдала» тұйық көшесі – «Жетісу» атауымен, «Алпамыс» тұйық көшесі – «Жанкент» атауымен, «Алтын орда» тұйық көшесі – «Ертіс» атауымен, «Арасан» тұйық көшесі – «Талас» атауымен, «Асанжан Көбелеков» тұйық көшесі – «Ақмоншақ» атауымен, «Әбілхан Қастеев» тұйық көшесі – «Алтынкөл» атауымен, «Әл-Фараби» тұйық көшесі – «Бақдаулет» атауымен, «Бастау» тұйық көшесі – «Бозқараған» атауымен, «Жақыпбек Жанғозин» тұйық көшесі – «Қоңырөлең» атауымен, «Жамбыл Жабаев» тұйық көшесі – «Отан» атауымен, «Жібек жолы» тұйық көшесі – «Ордалы» атауымен, «Зауыт» тұйық көшесі – «Шапағат» атауымен, «Көктем» тұйық көшесі – «Шұбарқұдық» атауымен, «Қайназар батыр» тұйық көшесі – «Сарайшық» атауымен, «Қаныш Сәтбаев» тұйық көшесі – «Сығанақ» атауымен, «Мәншүк Маметова» тұйық көшесі – «Берел» атауымен, «Нұрғиса Тілендиев» тұйық көшесі – «Байқоныс» атауымен, «Нұрсұлтан Әлімқұлов» тұйық көшесі – «Доланалы» атауымен, «Тастақ» тұйық көшесі – «Керегетас» атауымен, «Тау самалы» тұйық көшесі – «Көкорай» атауымен, «Үмбетәлі» тұйық көшесі – «Қанағат» атауымен.