Құжат мәтініне өту

О проведении мирных собраний в Исатайском районе

Өзге акт · № 330-VI · қабылданған 30.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147094/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О проведении мирных собраний в Исатайском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 330-VI ·30.09.2020
30.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении мирных собраний в Исатайском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 330-VI · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении мирных собраний в Исатайском районе
Атауы (қаз.)
Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
330-VI
Қабылданған күні
30.09.2020
Көрсетілген редакция
30.07.2024 147094_715498.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20TD004745
ЭКБ идентификаторы
147094
Редакция идентификаторы
147094_715498
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:33

0 Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы заңының 8-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 10-VІ «Исатай ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарын белгілеу және тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3474 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 cәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне (М. Насихановқа) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

Исатай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 қыркүйегі № 330-VI
шешіміне қосымша
Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

1 1. Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары:


р/с
Арнайы орындар
Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
Шекті толу нормасы
1
Егемен Қазақстан көшесіндегі «Бәйтерек» алаңы
1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 30 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу);
200 адамнан астам емес
2
Жазғы стадионнан Егемен Қазақстан көшесі бойымен «Бәйтерек» алаңына дейін
1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 40 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу);
200 адамнан астам емес

2

2. Исатай ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:

1 1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;

2 2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

3 3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

4 4. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.

Қолданыстағы