Құжат мәтініне өту

О проведении мирных собраний в Макатском районе

Өзге акт · № 404-VI · қабылданған 30.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147097/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О проведении мирных собраний в Макатском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 404-VI ·30.09.2020
09.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении мирных собраний в Макатском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 404-VI · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении мирных собраний в Макатском районе
Атауы (қаз.)
Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
404-VI
Қабылданған күні
30.09.2020
Көрсетілген редакция
09.02.2024 147097_683487.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20TG004746
ЭКБ идентификаторы
147097
Редакция идентификаторы
147097_683487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:34

0 Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы заңының 8-бабына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 17-VІ «Мақат ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3489 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

Мақат аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 қыркүйегі № 404-VI
шешіміне қосымша
Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

1 1. Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары:


р/с
Арнайы орындар
Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
Шекті толу нормасы
1
Мақат кенті, А. Жұмашева көшесі,
«Болашақ» шағын ауданының
5 үйінен бастап № 80/1 үйіне дейін
1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 40 тұрақ орындары (1 кіру,1 шығу);
250 адамнан астам емес
2
Мақат кенті «Парасат» бөлімшесінде орналасқан «Жеңіс саябағы»
1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 20 тұрақ орындары (1 кіру,1 шығу);
250 адамнан астам емес

2

2. Мақат ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:

1 1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;

2 2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

3 3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

4 4. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.

Қолданыстағы