Құжат мәтініне өту

О проведении мирных собраний в Махамбетском районе

Өзге акт · № 452 · қабылданған 29.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147099/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О проведении мирных собраний в Махамбетском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 452 ·29.09.2020
04.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении мирных собраний в Махамбетском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 452 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении мирных собраний в Махамбетском районе
Атауы (қаз.)
Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
452
Қабылданған күні
29.09.2020
Көрсетілген редакция
04.05.2024 147099_699453.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20TC004747
ЭКБ идентификаторы
147099
Редакция идентификаторы
147099_699453
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:35

0 Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы заңының 8-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

Махамбет аудандық мәслихатының
2020 жылғы 29 қыркүйегі № 452
шешіміне қосымша
Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

1 1. Махамбет ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары:


р/с
Арнайы орындар
Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
Шекті толу нормасы
1
А.Тұржанов көшесіндегі жастар паркі
1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 30 тұрақ орындары (2 кіру, 2 шығу);
300 адамнан астам емес
2
Жайық шұғыласы газетіне 50 жыл және А.Тұржанов көшелерінің қиылысынан бастап, А.Тұржанов көшесінің бойындағы Жастар паркіне дейін
1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 20 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу);
300 адамнан астам емес

2

2. Махамбет ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:

1 1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;

2 2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

3 3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

4 4. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.

Қолданыстағы