О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/401
- Қабылданған күні
- 29.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2020 147166_487117.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20R0001643
- ЭКБ идентификаторы
- 147166
- Редакция идентификаторы
- 147166_487117
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:34
0 Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2
2. «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Алматы қаласының әкімі
2020 жылғы 29 қыркүйегі
№ 3/401
Қаулысына қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 1 қазандағы № 4/574 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1225 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашада «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
2
2. Алматы қаласы әкімдігінің «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 1 қазандағы № 4/574 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 22 маусымдағы № 2/227 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1389 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 шілдеде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
3
3. Алматы қаласы әкімдігінің «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 23 мамырдағы № 2/220 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1293 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 мауысымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
4
4. Алматы қаласы әкімдігінің «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 23 мамырдағы № 2/220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 5 шілдедегі № 3/258 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1397 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 шілдеде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
5
5. Алматы қаласы әкімдігінің «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 23 мамырдағы № 2/220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 29 қарашадығы 4/491 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1435 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).