Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Карасайском районе

Өзге акт · № 59-3 · қабылданған 28.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147203/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Карасайском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 59-3 ·28.09.2020
08.04.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Карасайском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 59-3 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Карасайском районе
Атауы (қаз.)
Қарасай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
59-3
Қабылданған күні
28.09.2020
Көрсетілген редакция
08.04.2024 I147203_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DK005705
ЭКБ идентификаторы
147203
Редакция идентификаторы
I147203_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:35

0

Қарасай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

2 2) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіп және азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қарасай аудандық маслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйегі № 59-3 шешіміне 1-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар,
олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Шекті толу нормалары
Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
Қаскелең қаласы
«Қарасай ауданының Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы Қаскелең қаласының №1 Балалар жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің стадионы, Дарбай Бөгенбай көшесі, 1 А
500 адам
Жарықтандыру;
-электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.
2
Қаскелең қаласы
Шеру мен демонстрация маршруты –
А. Байтұрсынов және Төле би көшелері қиылысынан Төле би көшесі бойымен Төле би көшесі мен ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесінің қиылысына дейін
300 адам
Маршрут бойындағы көшенің жарығы бар;
-бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.

8 Қарасай аудандық маслихатының 2020 жылғы

28 қыркүйегі № 59-3 шешіміне 2-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
тәртібі
Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Заңның 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар – Қарасай ауданының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.
Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.

Қолданыстағы