Об утверждении наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования областного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования областного значения
- Атауы (қаз.)
- Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 167
- Қабылданған күні
- 07.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2020 147240_484965.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20M0004311
- ЭКБ идентификаторы
- 147240
- Редакция идентификаторы
- 147240_484965
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:26
0 Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 88 «Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2714 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Қ. Ережепов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2020 жылғы 7 қазаны
№ 167 қаулысына қосымша
Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері
№
Автомобиль жолының индексі
Автомобиль жолының атауы, шақырымы (шқ)
1
2
3
1
КR-1
«Ақтау – Форт-Шевченко», 11-132 шқ»
2
КR-2
«Ақтау – Форт-Шевченко автомобиль жолының 43 шқ – Қаламқас кен орны», 43-274 шқ»
3
КR-3
«Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты», 786-802 шқ»
4
KR-4
«Сайын Шапағатов – Әуежай»,0-4 шқ»
5
КR-5
«Ақтау – Құйылыс», 0-44 шқ»
6
КR-6
«Құйылыс – Шетпе», 0-45 шқ»
7
КR-7
«Тасболат – Қарамандыбас», 0-11 шқ»
8
КR-8
«Жетібай – Қарамандыбас – Жаңаөзен», 0-80 шқ»
9
КR-9
«Сайөтес – Қарақұдық – Қызылсай», 0-108 шқ»
10
КR-10
«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе», 0-161 шқ»
11
КR-11
«Кендірлі» демалыс базасына кіреберіс», 0-5 шқ»
12
КR-12
«Ата жолы», 0-97 шқ»
13
КR-13
«Жыңғылды – Шайыр», 0-10,1 шқ»
14
КR-14
«Қияқты – Тұшықұдық», 0-22,96 шқ»
15
КR-15
«Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Казатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су алғышынан «Құрық» теңіз портына дейін», 0-61,6 шқ»
16
КR-16
«Өмірзақ ауылынан бастап Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін», 0-4,6 шқ»
17
КR-17
«Химия-гидрометаллургия зауыты (ХГМЗ) қиылысынан Ақтау қаласының № 23, 24, 28 «А» шағын аудандар қиылысына дейінгі № 55 автомобиль жолы», 0-7 шқ»