«Об утверждении Правил осуществления отраслевой экспертизы в сфере электронной промышленности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «Об утверждении Правил осуществления отраслевой экспертизы в сфере электронной промышленности»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 375/НҚ
- Қабылданған күні
- 06.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2020 147251_514036.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021386
- ЭКБ идентификаторы
- 147251
- Редакция идентификаторы
- 147251_514036
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:27
0 «Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлiп отырған Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің 2020 жылғы 6 қазаны
№ 375/НҚ бұйрығымен бекітілген
Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы (бұдан әрі – жобалардың салалық сараптамасы) жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1 1) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының аумағында электрондық өнеркәсіп саласындағы жобаны іске асыруды жоспарлайтын жеке немесе заңды тұлға;
2 2) электрондық өнеркәсіп саласындағы жоба – электрондық өнімдерді жасау немесе өсуін дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
3 3) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – электрондық өнеркәсіп саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3
3. Уәкілетті орган жобалардың салалық сараптамасын қауымдастықтар мен ұйымдарды тарта отырып, орындылығын, техникалық мүмкіндігін, экономикалық тиімділігін айқындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес жүзеге асырады.
2 2-тарау. Жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асыру тәртібі
4 4. Жобалардың салалық сараптамасын жүргізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып, қағаз тасығыштарда және өндірістік қажеттілік кезінде электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1 1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2 2) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобаның негізгі бағыттарының сипаттамасын қамтитын түсіндірме жазба;
3 3) техникалық тапсырма (бар болған кезде);
4 4) бұйрыққа сәйкес әзірленген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсыныстары және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелері.
5 5. Жобалардың салалық сараптамасы жоба бойынша материалдар уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
6 6. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтару себептері көрсетілген хабарлама жіберіледі.
7 7. Өтініш беруші ұсынған материалдардың негізінде, сондай-ақ бұйрықтың талаптарына сәйкес ресімделген қорытынды жобалардың салалық сараптамасының нәтижесі болып табылады.
8 8. Жобалардың салалық сараптамасының нәтижелері бойынша қорытындыға уәкілетті органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.
9 9. Қорытынды шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өтініш берушіні жобаға қатысты қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
10 10. Егер жобалардың салалық сараптамасының нәтижелері бойынша уәкілетті орган жоюды талап ететін ескертулер берген жағдайда, өтініш беруші материалдарды пысықтайды және оларды қайталама салалық сараптамаға ұсынады.
11 11. Жобалардың қайталама салалық сараптамасы кезінде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес толықтығын тексереді.
12 12. Жоба қайтадан салалық сараптамаға ұсынылған жағдайда материалдарға бұрын берілген қорытындының көшірмесі қоса беріледі.
13 13. Жобалардың қайталама салалық сараптамасы материалдарды уәкілетті органға ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2 Өтініш
Электрондық өнеркәсіп
саласындағы салалық сараптаманы
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
____________________________
ұсынылады
(уәкілеттік органның атауы)
Өтініш
________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
жобаның толық атауы
________________________________________________________________________________
қызмет түрі
________________________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_________________________________
БСН/ЖСН
_________________________________
СЭҚ ТН
_________________________________
СЭҚ КП
_________________________________
ТЖҚ БНА
__________________________________
тіркелген заңды мекенжайы:
_________________________
байланыс тел. нөмірі (E-mail):
Қосымша:
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________
________________________________________ 20 жылғы « » ___________
(заңды тұлғаның атауы және басшының А.Т.Ә.
(ол болған жағдайда)
(қолы