Құжат мәтініне өту

Об утверждении состава аптечки для оказания первой помощи

Бұйрық · № ҚР ДСМ-118/2020 · қабылданған 08.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147275/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении состава аптечки для оказания первой помощи Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-118/2020 ·08.10.2020
10.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении состава аптечки для оказания первой помощи

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-118/2020 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении состава аптечки для оказания первой помощи
Атауы (қаз.)
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-118/2020
Қабылданған күні
08.10.2020
Көрсетілген редакция
10.07.2023 147275_642495.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021399
ЭКБ идентификаторы
147275
Редакция идентификаторы
147275_642495
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:23

0 Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының

құрамын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.

2

2. «Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11421 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 8
қазандағы
№ ҚР ДСМ-118/2020
бұйрығымен бекітілген
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

Атауы
Саны
1.
Дәкелі бинттер 5 м х 10 см (стерильденген)
2 дана
2.
Дәкелі бинттер 5 м х 10 см (стерильденбеген)
2 дана
3.
Дәкелі бинттер 7 м х 14 см (стерильденбеген)
2 дана
4.
Таңу пакеті (стерильденген)
1 дана
5.
Бактерицидті жапсырма
5 дана
6.
Медициналық жапсырма
1 дана
7.
Серпімді құбырлы бинт № 1
1 дана
8.
Серпімді құбырлы бинт № 3
1 дана
9.
Серпімді құбырлы бинт № 6
1 дана
10.
Медициналық қолғаптар (стерильденбеген)
6 дана
11.
Доғал ұшты, металл қайшылар
1 дана
12.
«Ауыз - құрылғы - ауыз» жасанды тыныс алуға арналған құрылғы («Ауыз - маска» өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы)
1 дана
13.
Таңуға арналған косынка-бандаж
1 дана
14.
Құтқару көрпесі (термиялық көрпе)
1 дана
15.
Жылдам мұзы бар пакет - гипотермиялық бір реттік пайдалануға арналған
1 дана
16.
Ысқырғыш
1 дана
17.
Фонарь (2 қосалқы батареямен)
1 дана
18.
Қобдишаға арналған футляр (былғары алмастырғыш)
1 дана
19.
Блокнот
1 дана
20.
Қарындаш
1 дана
21.
Ылғал майлықтар (антисептикалық)
1 бума
22.
Қысқыш
1 дана
Ескертпе: Жеке алғашқы медициналық көмек қобдишалары жеке қажеттіліктер мен тілектерге сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырыла алады.
Өнеркәсіптік объектілерде дәрі қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұскаулықты қоса бере отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларға (қышқыл, сілті, фосфор, әк және басқалар) байланысты зардеп шеккен адамның денесінің зардап шеккен аймағын шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.

Қолданыстағы