Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Талгарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Талгарского района
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 63-266
- Қабылданған күні
- 30.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2020 147303_484844.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DR005703
- ЭКБ идентификаторы
- 147303
- Редакция идентификаторы
- 147303_484844
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:32
0 Талғар ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
2
2. Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2015 жылғы 01 шілдедегі № 45-267 (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3298 тіркелген, 2015 жылдың 04 тамызында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.