Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах оборонно-промышленного комплекса Республики Казахстан

Қаулы · № 244 · қабылданған 13.03.2003
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14732/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах оборонно-промышленного комплекса Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 244 ·13.03.2003
17.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах оборонно-промышленного комплекса Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 244 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах оборонно-промышленного комплекса Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Pecпубликасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
244
Қабылданған күні
13.03.2003
Көрсетілген редакция
17.07.2023 14732_644167.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030000244_
ЭКБ идентификаторы
14732
Редакция идентификаторы
14732_644167
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:23

0 Қазақстан Pecпубликасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiн басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен құрылсын.

2 2. Қоғам қызметiнің негiзгi бағыттары мыналар болып белгiленсiн:

1 1) қорғаныстық, екi ұдай әрi азаматтық мақсаттағы өнiмдердi жасау, өндіру, сату және жою саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;

2 2) iшкi қажеттiлiк пен экспортты қамтамасыз ету үшiн қорғаныстық және екi ұдай мақсаттағы өнiмдер өндiру мен дамытудың ағымдағы және ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларын әзiрлеу әрi iске асыруға қатысу;

3 3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi және басқа да әскери құрамаларына арналған екі ұдай мақсаттағы қару-жарақ, әскери техника мен өнімдер импортын, сондай-ақ олардың экспортын қамтамасыз ету;

4 4) конверсиялық бағдарламалар мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенiн дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;

5 5) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға қатысу;

6 6) жұмылдыру қуаттары және резервтерiн құру, жинақтау әрi сақтау жөніндегi жоспарлар мен тапсырмаларды қалыптастыру және iске асыруға қатысу;

7 7) қорғаныс-өнеркәсіп кешенiн ғылыми-техникалық және технологиялық дамыту, соның iшiнде өндiрiстi кеңейту, қайта жаңарту әрi техникалық қайта жарақтандыру жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру;

8 8) ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер жасау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелік-конструкторлық жұмыстар жүргiзу.

3 3. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының "Мұнаймаш" ашық акционерлiк қоғамы жарғылық капиталының 90 пайызы мөлшерiндегi акцияларын мемлекеттiк меншіккe беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:

1 1) 1-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшiн) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және "520-объект" (Солтүстiк Қазақстан облысы) мемлекеттік мүлкiн беру жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;

2 2) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3 3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берілуін;

4 4) осы қаулы 4-тармағының 2) тармақшасы орындалғаннан кейiн заңнамада белгіленген тәртіппен "Металлист" Орал зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті Қоғамға сенiмгерлік басқаруға берілуін қамтамасыз етсiн;

5 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

5 5.

5-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.10. N 295 қаулысымен .

6 6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылданған құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды енгізсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

7 7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсін.

9 9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

0 Қазақстан Pecпубликасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 13 наурыздағы
N 244 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Pecпубликасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.01.29. N 97 қаулысымен .

2 2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншіктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің тiзбесiне:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-47-жолмен толықтырылсын:
"21-47 "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ";
"Алматы қаласы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 83 және "123-8 АЛА - 000283 "N 405 Авиа жөндеу зауыты" ААҚ деген жол алынып тасталсын;
"Ақтөбе облысы" деген бөлiмде реттік нөмiрi 133-1-жол алынып тасталсын;
"Атырау облысы" деген бөлiмде peттік нөмiрi 136-жол алынып тасталсын;
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 163-жол алынып тасталсын;
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлiмде реттік нөмiрлерi 187, 188, 189 және 190-жолдар алынып тасталсын;
"Солтүстiк Қазақстан облысы" деген бөлiмде реттік нөмiрлерi 266, 267, 269, 270 және 271-жолдар алынып тасталсын.

3 3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :

Акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтары салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн және республикалық меншiктегi ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерiнің тiзбесiне:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 129-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 236-3-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 236-15-жолмен толықтырылсын:
"236-15 "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ";
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiне" деген бөлiм және реттiк нөмiрлерi 237-2, 237-13-жолдар алынып тасталсын.

4 4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерінің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):

көрсетiлген қаулыға "2006 жылға дейiн акцияларының мемлекеттiк пакеті жекешелендіруге, оның ішiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi" деген 2-қосымшада:
реттік нөмiрлерi 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 32, 33 және 34-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 44-жолмен толықтырылсын:
"44. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ" (Астана қаласы) 100 %".

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6 6. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.

Қолданыстағы