Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по Сырымскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по Сырымскому району
- Атауы (қаз.)
- Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 59-3
- Қабылданған күні
- 09.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2021 147331_534079.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ZJ006420
- ЭКБ идентификаторы
- 147331
- Редакция идентификаторы
- 147331_534079
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:23
0 Сырым ауданы бойынша
тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға және әкетуге арналған
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 27-2 «Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5258 тіркелген, 2018 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтер
Сырым аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы
№59-3 шешіміне қосымша
Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтер
№
Объект
Есептік бірлік
Баға, теңгемен (ҚҚС жоқ)
1.
Жайлы үйлер
тұрғын/айына
50
2.
Жайсыз үйлер
тұрғын/айына
50
3.
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен
1м3
465,01
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м3 -текше метр
ҚҚС - қосылған құн салығы.