Об установлении ограничений хозяйственной деятельности на территории Актау - Бузачинского и Каракия - Каракольского государственных природных (зоологических) заказников
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничений хозяйственной деятельности на территории Актау - Бузачинского и Каракия - Каракольского государственных природных (зоологических) заказников
- Атауы (қаз.)
- Ақтау - Бозашы және Қарақия - Қаракөл мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдарының аумағындағы шаруашылық қызметіне шектеулер белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 09.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2020 147342_485035.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20M0004313
- ЭКБ идентификаторы
- 147342
- Редакция идентификаторы
- 147342_485035
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:23
0 Ақтау - Бозашы және Қарақия - Қаракөл мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдарының аумағындағы шаруашылық қызметіне шектеулер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтау - Бозашы және Қарақия - Қаракөл мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдарының аумағындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгіленсін:
1
1) уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен, жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқаларды жинауға жол берілмейді;
2 2) белгіленген режимді сақтай отырып, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу, мал жаю) және бал ара шаруашылығына рұқсат етіледі.
2
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 407 «Ақтау - Бозашы және Қарагие - Қаракөл мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағында шаруашылық қызметін шектеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2021 болып тіркелген, 2008 жылғы 2 тамыздағы «Маңғыстау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.