Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ескельдинского района

Өзге акт · № 71-400 · қабылданған 02.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147383/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ескельдинского района Қолданыста Өзге акт ·№ 71-400 ·02.10.2020
02.10.2020 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ескельдинского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 71-400 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ескельдинского района
Атауы (қаз.)
Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
71-400
Қабылданған күні
02.10.2020
Көрсетілген редакция
02.10.2020 147383_485238.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DI005706
ЭКБ идентификаторы
147383
Редакция идентификаторы
147383_485238
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:29

0 Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс

істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы» 2015 жылғы 12 маусымдағы № 53-291 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3274 тіркелген, 2015 жылдың 23 шілдесінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және жастар ісі жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Ескелді аудандық мәслихаты

2020 жылғы 2 қазаны
№ 71-400
шешіміне қосымша
Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

3 3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынған тізімдерін ауылдық округ әкімдерімен бекітуі негізінде, өтініш талап етілмейтін тәртіппен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті органымен ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.

3 3-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

5 5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

4 4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

6 6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

1 1) алушы қайтыс болғанда;

2 2) алушы Ескелді ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Қолданыстағы