Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по метрологическому обеспечению Вооруженных Сил Республики Казахстан

Бұйрық · № 526 · қабылданған 13.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147392/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по метрологическому обеспечению Вооруженных Сил Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 526 ·13.10.2020
13.10.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по метрологическому обеспечению Вооруженных Сил Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 526 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по метрологическому обеспечению Вооруженных Сил Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
526
Қабылданған күні
13.10.2020
Көрсетілген редакция
13.10.2020 147392_486421.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021427
ЭКБ идентификаторы
147392
Редакция идентификаторы
147392_486421
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:20

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының
26-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 13 қазаны
№ 526 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін
метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулық

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде жүргізілетін өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауды нақтылайды.

2

2. Метрологиялық қамтамасыз ету өлшем бірлігін және талап етілетін дәлдігін сақтауға, қару-жарақ пен әскери техниканы (бұдан әрі – ҚӘТ) жауынгерлік қолданудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін жай-күйде ұстау үшін өлшенетін параметрлерді дұрыс бақылауды арттыруға бағытталған ғылыми және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін қамтиды.

2 2-тарау. Метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

3 3. Метрологиялық қамтамасыз ету мынадай негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырылады және жүргізіледі:

1 1) метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;

2 2) метрологиялық бақылауды ұйымдастыру;

3 3) метрологиялық қамтамасыз етудің мақсатты күндерін өткізу.

4 4. ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсету жеке құрамның өлшеу құралдарының (бұдан әрі – ӨҚ) көмегімен оларды пайдалану процесінде ҚӘТ-ны толық, нақты бақылауды және параметрлерін өлшеуді қамтамасыз ететін іс-шараларды орындауын қамтиды.

5 5. ҚӘТ-ны толық, нақты бақылау және параметрлерін өлшеу:

1 1) ҚӘТ объектілерінің ӨҚ-мен жабдықталуымен;

2 2) өлшеу жүргізу кезінде ақаусыз және салыстырып тексерілген ӨҚ-ны пайдаланумен, салыстырып тексерілмеген және ақаулы ӨҚ-ны пайдаланудан уақтылы алумен;

3 3) жеке құрамның ҚӘТ-ға техникалық қызмет көрсетуді, регламенттеу жұмыстарын және жөндеуді орындау кезінде ӨҚ-ны дұрыс пайдалану дағдыларына ие болуымен;

4 4) пайдалану құжаттамасында көзделген барлық өлшеу көлемін қатаң орындаумен және олардың нәтижелерін уақтылы ресімдеумен;

5 5) әскери бөлімдердің лауазымды адамдары тарапынан ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсету сапасын ұдайы бақылаумен қамтамасыз етіледі.

6 6. ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жалпы басшылық жасауды әскери бөлімдердің командирлері жүзеге асырады.

3 3-тарау. Метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

7 7. Алдағы жылға метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды сапалы жоспарлау мақсатында әскери бөлімдерде жыл сайын мынадай құжаттар әзірленеді:

1 1) осы нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша метрологиялық қамтамасыз ету жоспары;

2 2) осы нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша ӨҚ-ны салыстырып тексеру жоспары;

3 3) осы нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша ӨҚ-ны жөндеу жоспары.

8 8. Әскер түрлері метрологиялық қызметтерінің бастықтары (штаттан тыс метрологтар), ӨҚ-ны пайдаланатын бағынысында әскери бөлімдер бар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚМ),

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің (бұдан әрі – ҚК) құрылымдық бөлімшелеріндегі метрологиялық қамтамасыз етуге жауаптылар жоғарыда көрсетілген құжаттардың әзірленуіне бақылауды жүзеге асырады және жыл сайын жиырма бесінші қазанға дейінгі мерзімде метрологиялық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін ҚМ құрылымдық бөлімшесіне
(бұдан әрі – метрологиялық орган) бағынысты әскери бөлімдер үшін жинақталған мәліметтерді ұсынады.

9 9. Ұсынылған мәліметтер негізінде метрологиялық орган ҚК үшін метрологиялық қамтамасыз ету жоспарын, соңдай-ақ ӨҚ-ны салыстырып тексеру және жөндеу жоспарларын әзірлейді.

10

10. ҚК метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйіне талдау жүргізу үшін әскер түрлері метрологиялық қызметтерінің бастықтары (штаттан тыс метрологтар), ҚМ, ҚК құрылымдық бөлімшелерінде метрологиялық қамтамасыз етуге жауаптылар жыл сайын бірінші желтоқсанға дейінгі мерзімде метрологиялық органға бағынысты әскери бөлімдеріндегі метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйі туралы мынадай мәліметтерді ұсынады:

1 1) осы нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес метрологиялық қамтамасыз ету бойынша метрологиялық қызмет бастығының жұмыс жоспарын;

2 2) осы нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйі туралы есепті;

3 3) осы нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша метрологиялық қызметтің жеке құрамы туралы мәліметтерді;

4 4) осы нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша штаттық (штаттан тыс) метрологтар жеке құрамы туралы мәліметтерді;

5 5) осы нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйін тексеру туралы мәліметтерді;

6 6) осы нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшеу құралдарының бар болуы, салыстырып тексеру және жөндеу туралы мәліметтер.

4 4-тарау. Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру

11 11. ҚК-да ҚӘТ-ны метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйін бақылауды қолданыстағы метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және жылдық жоспарларға сәйкес метрологиялық орган мынадай негізгі бағыттар бойынша әскери бөлімдерді тексеру арқылы жүзеге асырады:

1 1) ӨҚ-ның жай-күйі;

2 2) ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсету жай-күйі;

3 3) ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсетуге жеке құрамның даярлығы;

4 4) метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі іс-шараларды орындау;

5 5) ҚӘТ объектілерінің ӨҚ-мен жабдықталуы;

6 6) ӨҚ техникалық жай-күйінің есебін жүргізу;

7 7) ӨҚ-ны жөндеуді ұйымдастыру;

8 8) әскери бөлім қызметтерінің жұмысы және әскери бөлім метрологының жұмысы.

12 12. ӨҚ-ға метрологиялық бақылау әскери бөлімдерді мынадай негізгі мәселелер бойынша тексеру арқылы жүзеге асырылады:

1 1) ӨҚ-ны пайдалану жөніндегі құжаттардың бар болуы және есепке алуды дұрыс жүргізу;

2 2) бөлімшелерде, қызметтерде және әскери бөлімде пайдаланылатын

ӨҚ-ның техникалық жай-күйі, күтіп-ұстау және сақтау;

3 3) белгіленген мерзімдерге сәйкес ӨҚ-ны уақтылы салыстырып тексеру;

4 4) ӨҚ-ның сақталуы;

5 5) ӨҚ-ны пайдалануға жеке құрамның даярлығы.

13

13. Тексеру нәтижелері бойынша осы нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйін тексеру актісі жасалады, оған әскери бөлім командирі танысады, ал қажет болған кезде басшылық құраммен және қызметтер бастықтарымен тексеруге талдау жүргізіледі, онда кемшіліктер себептері мен оларды жою жолдары көрсетіледі.

14 14. Тексеру актісі үш данада жасалады:

1 1) бірінші дана жоғары тұрған штабтың қызметтері тарапынан анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдау және бақылау үшін жоғары тұрған штаб бастығына жолданады;

2 2) екінші дана әскери бөлімнің ісінде қалады;

3 3) үшіншісі – тексеру жүргізген метрологиялық қызметтің ісіне тігіледі.

15 15. Тексеру актісі негізінде әскери бөлімде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленеді.

16 16. Әскер тектері, өңірлік қолбасшылық метрологиялық қызметінің бастығы (штаттан тыс метролог) бағынысты әскери бөлімдердегі метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйін бір жылда бір реттен сиретпей тексереді.

Әскер түрі метрологиялық қызметінің бастығы бағынысты әскери бөлімдердегі метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйін екі жылда бір реттен сиретпей тексереді.

5 5-тарау. Метрологиялық қамтамасыз етудің мақсатты күндерін өткізу

17 17. ӨҚ-ны ақаусыз жай-күйде ұстау мақсатында жылына екі рет

ҚӘТ-ны қыста (жазда) пайдалану жағдайларына дайындау кезеңінде әскери бөлімдердегі парктік күндердің бірінде метрологиялық қамтамасыз етудің мақсатты күндерін өткізу ұйымдастырылады.

18 18. ҚӘТ-ны метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге метрологиялық қамтамасыз етудің мақсатты күнінде ӨҚ-ны пайдаланатын әскери бөлімнің барлық жеке құрамы тартылады.

19 19. Метрологиялық қамтамасыз етудің мақсатты күндерін өткізу жоспарына мынадай негізгі іс-шаралар енгізіледі:

1 1) пайдалануда сонымен қатар сақтауда тұрған ӨҚ толық есепке алуды және бар болуын тексеру;

2 2) сақтау режимі айқындалған бұйрықты (актіні), соңдай-ақ ӨҚ-ны ұзақ сақтауда ұстау жағдайлары тексеріледі;

3 3) ақаусыздығын, салыстырып тексеруге уақтылы ұсынылуын және жөндеуге жөнелтілуін, құжаттаманың дұрыс ресімделуін бақылау мақсатында ӨҚ-ны және оларға пайдалану құжаттамасын қарап-тексеру;

4 4) ӨҚ-ға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;

5 5) ҚӘТ параметрлерін бақылау әдістері мен құралдарын зерделеу,

соңдай-ақ ӨҚ-мен жұмыс істеу бойынша тренаждар жүргізу;

6 6) ҚӘТ-ның ӨҚ-мен жабдықталуын талдау және жабдықтаушы органдарға жетіспейтін ӨҚ-ға өтінімдер дайындау;

7 7) ӨҚ-ны есептен шығаруға құжаттар дайындау (ресімдеу);

8 8) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын зерделеу;

9 9) бөлімшелер мен қызметтердің жеке құрамымен арнайы (техникалық) даярлық бойынша сабақтар өткізу.

20 20. Жеке құрамды регламенттік жұмыстар және ҚӘТ үлгілеріне техникалық қызмет көрсету процесінде ӨҚ-ны қолдануға іс жүзінде оқытып-үйрету метрологиялық қамтамасыз етудің мақсатты күні арнайы даярлықтың негізгі нысаны болып айқындалады.

77 20__ жылға арналған метрологиялық қамтамасыз ету жоспары

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысан
Бекітемін
_________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және
инициалдары)
20___жылғы «___» _________
20__ жылға арналған метрологиялық қамтамасыз ету
жоспары
Р/с №
Өл­шем түр­ле­рі бой­ын­ша өқ
Бар­лық қол­да ба­ры, да­на
Са­лы­сты­рып тек­се­рі­лу­ге ти­іс, да­на
Са­лы­сты­рып тек­се­ру және жөн­деу жос­пар­лан­ды:
Ес­керт­пе
Қа­ру­лы Кү­ш­тер­дің мет­ро­ло­ги­я­лық ор­га­нын­да
шарт негі­зін­де
ста­ци­о­нар­да
шы­ғу­да
Са­лы­сты­рып тек­се­ру, да­на
Жөн­деу, да­на
Са­лы­сты­рып тек­се­ру, да­на
Жөн­деу, да­на
Са­лы­сты­рып тек­се­ру, да­на
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
___________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)
20 __ жылғы «___» __________

78 20__ жылға арналған өлшеу құралдарын салыстырып тексеру жоспары

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Нысан
Бекітемін
_______________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және
инициалдары)
20___жылғы «___» _________
20__ жылға арналған өлшеу құралдарын
салыстырып тексеру жоспары
Әс­ке­ри бө­лім
Өл­шем түр­ле­рі бой­ын­ша ӨҚ
Бар­лық қол­да ба­ры, да­на
Ұсы­ны­л­ған ӨҚ са­ны
Ұсы­ну мер­зі­мі
Кө­шпе­лі топ­ты қам­та­ма­сыз ету жүк­тел­ген ә/бө­лім, ме­ке­ме нө­мі­рі
Ес­керт­пе
ста­ци­о­нар­да
шы­ғу­да
Са­лы­сты­рып тек­се­ру­ге, да­на
Са­лы­сты­рып тек­се­ру­ге, да­на
ста­ци­о­нар­ға
шы­ғу­ға
1
2
3
4
5
6
7
8
9
___________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)
20 __ жылғы «___» __________

79 20__жылға арналған өлшеу құралдарын жөндеу жоспары

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Нысан
Бекітемін
________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және
инициалдары)
20___жылғы «___» _________
20__жылға арналған өлшеу құралдарын жөндеу
жоспары
Р/с №
Әс­ке­ри бө­лім
Өл­шем түр­ле­рі бой­ын­ша ӨҚ
Са­ны, да­на
Ти­пі
За­уыт­тық нө­мі­рі
____________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)
20 __ жылғы «___» __________

80 Метрологиялық қызмет бастығының метрологиялық қамтамасыз ету бойынша 20__ жылға арналған жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Бекітемін
_______________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және
инициалдары)
20___жылғы «___» _________
Метрологиялық қызмет бастығының метрологиялық қамтамасыз ету бойынша 20__ жылға арналған жұмыс жоспары
1. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық
Р/с №
Оқу пәнінің атауы
Сабақ өткізу орны
Ескертпе
1
2
3
4
2. Үлкен бастықтардың жоспарларына сәйкес метрологиялық қызмет бастығы қатысатын іс-шаралар
Р/с №
Іс-шараның атауы
Орындау мерзімі
Орындаушы
Орындалуы туралы белгі
1
2
3
4
5
3. Өлшеу құралдарының техникалық жай-күйін есепке алуды ұйымдастыру бойынша жұмыс
Р/с №
Іс-шараның атауы
Орындау мерзімі
Орындаушы
Орындалуы туралы белгі
1
2
3
4
5
4. Метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйін тексеру
Р/с №
Іс-шараның атауы
Орындау мерзімі
Орындаушы
Орындалуы туралы белгі
1
2
3
4
5
5. ҚӘТ-ға метрологиялық қызмет көрсетуді, сондай-ақ регламенттік жұмыстар мен техникалық қызмет көрсетуді бақылау
Р/с №
Іс-шараның атауы
Орындау мерзімі
Орындаушы
Орындалуы туралы белгі
1
2
3
4
5
6. Жеке құраммен метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша сабақтар өткізу
Р/с №
Іс-шараның атауы
Орындау мерзімі
Орындаушы
Орындалуы туралы белгі
1
2
3
4
5
7. Өлшеу құралдарын уақтылы жөндеуді және салыстырып тексеруді ұйымдастыруды бақылау бойынша жұмыс
Р/с №
Іс-шараның атауы
Орындау мерзімі
Орындаушы
Орындалуы туралы белгі
1
2
3
4
5
8. ҚӘТ-ға, ӨҚ-ға метрологиялық қызмет көрсету жай-күйін талдау бойынша жұмыс, оны жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу
Р/с №
Іс-шараның атауы
Орындау мерзімі
Орындаушы
Орындалуы туралы белгі
1
2
3
4
5
9. Бағынысты метрологиялық қызметтердің қызметін басқару бойынша жұмыс
Р/с №
Іс-шараның атауы
Орындау мерзімі
Орындаушы
Орындалуы туралы белгі
1
2
3
4
5
Метрологиялық қызмет бастығы (штаттан тыс метролог) ______
__________________________________________________________________________
(әcкери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)

81 Метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйі туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйі туралы
есеп

1 1. Метрологиялық қызмет жөніндегі мәліметтер:

1 1) метрологиялық қызмет құрылымы;

2 2) ҚӘТ-ға, өлшеу құралдарына метрологиялық қызмет көрсету жай-күйін талдау;

3 3) қорытындылар мен ұсыныстар.

2 2. Метрологиялық қызметтің ұйымдастыру-техникалық жұмысы туралы мәліметтер:

1 1) ҚӘТ-ға метрологиялық қызмет көрсетуді одан әрі жақсартуға бағытталған жүргізілген іс-шаралар мен орындалған құжаттар тізбесі;

2 2) жұмыс жоспарларының толық және сапалы орындалуы және жоспарларды толық орындамау себептері;

3 3) бағынысты бөлімдердегі метрологиялық бақылау нәтижелері;

4 4) метрологиялық қызмет бастықтарымен (штаттан тыс метрологтармен) жиындарды және командалық және инженерлік-техникалық құраммен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;

5 5) оқу-жаттығуларда, жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде ҚӘТ-ға метрологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге қатысу;

6 6) қорытындылар мен ұсыныстар.

3 3. Әскерлерді метрологиялық қамтамасыз ету туралы мәліметтер:

1 1) әскери бөлімдердің өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі;

2 2) әскери бөлімдердің өлшеу құралдарын салыстырып тексерудеге және жөндеудеге қажеттілігін қанағаттандыру проценті;

3 3) қорытындылар мен ұсыныстар.

Бағынысты бөлімдер орындайтын міндеттер ерекшелігіне сүйене отырып, есеп беру басқа көрсеткіштермен толықтырылады.

97 ________________________________________________________________ (әскер түрі/ әскер тегі/ өңірлік қолбасшылық/ әскери бөлім) метрологиялық қызметтің жеке құрамы туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Нысан
________________________________________________________________
(әскер түрі/ әскер тегі/ өңірлік қолбасшылық/ әскери бөлім)
метрологиялық қызметтің жеке құрамы туралы
мәлімет
Барлық метрологиялық қызмет бастықтары
Сыныптық біліктілігі бар
Штат бойынша
Тізім бойынша
(штаттағылар қатарынан)
1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)
1-сыныпты маман
2-сыныпты маман
3-сыныпты маман
сыныптылықсыз
1
2
3
4
5
6
7
Метрологиялық қызмет бастығы (штаттан тыс метролог) _________________________________________
(әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)

98 _____________________________________________________________________ (әскер түрі/ әскер тегі/ өңірлік қолбасшылық/ әскери бөлім) штаттық (штаттан тыс) метрологтардың жеке құрамы туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(әскер түрі/ әскер тегі/ өңірлік қолбасшылық/ әскери бөлім)
штаттық (штаттан тыс) метрологтардың жеке құрамы туралы
мәлімет
Р/с №
Әс­ке­ри бө­лім
Штат бой­ын­ша ла­у­а­зы­мы
Штат бой­ын­ша әс­ке­ри ата­ғы
Нақ­ты әс­ке­ри ата­ғы
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
Ту­ған кү­ні
Ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық № және кү­ні
Әс­ке­ри атақ бе­ру ту­ра­лы бұй­рық № және кү­ні
Сы­нып­тық бі­лік­ті­лік бе­ру ту­ра­лы бұй­рық № және кү­ні
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Ескертпе: штаттан тыс метрологтар үшін 1, 2, 3, 5, 6-бағандар толтырылады (6-бағанда штаттан тыс метрологты тағайындау туралы бұйрық нөмірі мен күні көрсетіледі)
Метрологиялық қызмет бастығы (штаттан тыс метролог) ___________________________________________
(әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)

99 _________________________________________________________________ (әскер түрі/ әскер тегі/ өңірлік қолбасшылық/ әскери бөлім) метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйін тексеру туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
Нысан
_________________________________________________________________
(әскер түрі/ әскер тегі/ өңірлік қолбасшылық/ әскери бөлім)
метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйін тексеру туралы
мәлімет
Р/с №
Тек­се­рі­л­ген бө­лім­ше­лер, әс­ке­ри бө­лім­дер мен ме­ке­ме­лер
Бар­лық тек­се­рі­л­ге­ні
Оның ішін­де ал­ға­ны
қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз ба­ға ал­ған бө­лім­ше­лер, әс­ке­ри бө­лім­дер мен ме­ке­ме­лер %
Өл­шеу құ­рал­да­ры
өте жақ­сы
жақ­сы
қа­на­ғат­та­нар­лық
қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
ор­та­ша балл
Бар­лық қа­рап-тек­се­рі­л­ге­ні
оның ішін­де
ес­керт­пе
са­лы­сты­рып тек­се­ріл­ме­ген
ақа­у­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Метрологиялық қызмет бастығы (штаттан тыс метролог) ___________________________________________
(әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)

100 (әскер түрі/ әскер тегі/ өңірлік қолбасшылық/ әскери бөлім) 20__ жылдағы өлшеу құралдарының бар болуы, оларды салыстырып тексеру және жөндеу туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша
Нысан
(әскер түрі/ әскер тегі/ өңірлік қолбасшылық/ әскери бөлім)
20__ жылдағы өлшеу құралдарының бар болуы, оларды салыстырып тексеру
және жөндеу туралы мәліметтер
Өл­шеу құ­рал­да­ры­ның ата­уы (түр­ле­рі бой­ын­ша)
Ко­ды
Өл­шеу құ­рал­да­ры­ның са­ны, да­на
Бар­лық есеп бой­ын­ша
оның ішін­де ке­зең-ке­зе­ңі­мен са­лы­сты­рып тек­се­рі­лу­ге ти­іс
оның ішін­де есеп бе­ру ке­зе­ңін­де­гі
са­лы­сты­рып тек­се­ру­ге жос­пар­лан­ды
са­лы­сты­рып тек­се­ріл­ді
са­лы­сты­рып тек­се­ру ке­зін­де қол­да­ну­ға жа­рам­сыз деп та­ны­л­ған
жөн­де­у­ге жос­пар­лан­ды
нақ­ты
жөн­дел­ді
есеп­тен шы­ға­рыл­ды және бас­қа ұй­ым­дар­ға бе­ріл­ді
жөн­дел­мей қал­ған
ке­ле­сі жы­лы са­лы­сты­рып тек­се­рі­лу­ге ти­іс
Қа­ру­лы Кү­ш­тер­дің мет­ро­ло­ги­я­лық ор­га­нын­да
шарт негі­зін­де
Қа­ру­лы Кү­ш­тер­дің мет­ро­ло­ги­я­лық ор­га­нын­да
шарт негі­зін­де
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Гео­мет­ри­я­лық ша­ма­лар өл­ше­мі
Мас­са өл­ше­мі
Қу­ат­ты және қат­ты­лық өл­ше­мі
Қы­сым өл­ше­мі
Ва­ку­ум өл­ше­мі
Қоз­ға­лыс па­ра­метр­ле­рі өл­ше­мі
Сұй­ық­тық және газ шы­ғы­ны мен кө­ле­мі­нің өл­ше­мі
Тығ­ы­зды­лық және тұт­қыр­лық өл­ше­мі
Фи­зи­ка­лық-тех­ни­ка­лық өл­шем
Жы­лу-фи­зи­ка­лық және тем­пе­ра­ту­ра­лық өл­шем
Оп­ти­ка­лық-фи­зи­ка­лық өл­шем
Аку­сти­ка­лық өл­шем
Электр ша­ма өл­ше­мі
Маг­нит­тік ша­ма өл­ше­мі
Уа­қыт пен жи­і­лік өл­ше­мі
Ра­дио­тех­ни­ка­лық өл­шем
Ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну өл­ше­мі
01
02
03
04
05
06
07
08
09
10
11
12
13
14
15
16
17
ЖИЫ­НЫ
Метрологиялық қызмет бастығы (штаттан тыс метролог) ___________________________________________
(әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)

10 __________________ әскери бөлімін метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйін тексеру актісі

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін метрологиялық
қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша
Нысан
__________________ әскери бөлімін метрологиялық қамтамасыз ету
жай-күйін тексеру
актісі
20__ жылғы «__» ______ __________________қаласы
_______________________________________________________________________
(тексеруші метрологиялық қызмет атауы немесе
_______________________________________________________________________
тексерушінің лауазымы, ә/атағы және тегі)
________________________________________________________ бекіткен
(жоспарды кім бекіткен)
20__ жылға арналған жоспарға сәйкес __________әскери бөлімінің
метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйіне және метрологының жұмысына
тексеру жүргізілді.
Тексеру ______________________________________________________
(қандай бұйрықтар мен басшылық құжаттар көрсетілсін)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі басшылық құжаттардың
талаптары көлемінде жүргізілді.
өлшеу құралдары (ӨҚ) жай-күйі;
ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсету жай-күйі;
жеке құрамның ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсетуге даярлығы;
метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде іс-шаралардың орындалуы;
ҚӘТ объектілерінің ӨҚ-мен жабдықталуы;
ӨҚ-ның техникалық жай-күйін есепке алуды жүргізу;
ӨҚ-ны жөндеуді ұйымдастыру;
әскери бөлім қызметтерінің және____________________________________________жұмысы.
(МҚ бастығының, бөлімнің штаттық, штаттан тыс метрологының)
_________ әскери бөлімінің метрологиялық қамтамасыз етуді тексеру нәтижелері.
1. Өлшеу құралдары жай-күйі.
Р/с №
Түрлері бойынша ӨҚ атауы
Барлық қарап-тексерілгені, дана
Қаралғандар ішінен, дана
Салыстырып тексерілмеген және ақаулылар жиыны, дана
Салыстырып тексерілмеген және ақаулы, %
салыстырып тексерілмеген
ақаулы
жиыны:
ӨҚ жай-күйіндегі кемшіліктер_____________________________________
___________________________________________________________________
(нақты кемшіліктер көрсетіледі)
Қорытынды: __________ә/б ӨҚ жай-күйі _____________деп бағаланады.
2. ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсету жай-күйі.
ҚӘТ объектілері
Барлық қарап-тексерілгені, дана
оның ішінде, дана
Баға
ӨҚ салыстырып тексерілмеген
ӨҚ ақаулы және жоқ
метрологиялық қызмет көрсету жүргізілмеген
Негізгі кемшіліктер _____________________________________________
__________ә/б ҚӘТ-ға метрологиялық қызмет көрсету жай-күйі __________________________________________________________ деп бағаланады.
Р/с №
ҚӘТ объектісінің атауы
Бақыланатын параметр
Бақыланатын параметрдің ТЖ бойынша рұқсаты
Қолданылатын ӨҚ
(типі, нөмірі)
Өлшеу нәтижелері
Атауы
Номиналдық мәні
Әскери бөлімнің жұмыс ӨҚ
Бақылау
Әскери бөлімнің ӨҚ бойынша
Бақылау ӨҚ бойынша
ҚӘТ параметрлері бақылау өлшемдері нәтижелері бойынша қорытындылар мен ескертпелер: ________________________________________
3. Жеке құрамның ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсетуге даярлығы:
1) оқу жоспарларында жеке құрамды метрологиялық даярлау
мәселелерінің бар болуы ______________________________________________;
2) жеке құрамның ҚӘТ-ге метрологиялық қызмет көрсетуді жүргізу
жөніндегі пайдалану құжаттамасын білуі ________________________________
_____________________________________________________________________;
3) табельдік ӨҚ-мен ҚӘТ объектілері негізгі параметрлерінің өлшемін
жүргізе білу ___________________________________________________________.
Қорытынды: жеке құрамның ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет
көрсетуге даярлығы бағаланады_______________________________________
4. Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалуы.
1) ӨҚ-ны пайдалану, күтіп-ұстау, сақтау мен сақталуын
ұйымдастыру________________________________________________________;
2) ӨҚ-ны уақтылы салыстырып тексеруге және жөндеуге ұсыну ________
__________________________________________________________________;
3) лауазымды адамдардың метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі
нормативтік-техникалық құжаттардың талаптар бөлігін білуі және оларды
орындауы___________________________________________________________;
4) лауазымды адамдардың ӨҚ-ның техникалық жай-күйін уақтылы бақылау бөлімін
өткізуі _____________________________________________________________
__________________________________________________________________;
5) сақтауда тұрған және ЖҚ техникадағы ӨҚ-ға бақылауды
жүзеге асыру____________________________________________________________
________________________________________________________________________;
6) оқу-жаттығу және индикаторлық санатқа жататын ӨҚ құжаттамасын
дұрыс ресімдеу мен таңбалаудың __________________________________
__________________________________________________________________.
Қорытынды: метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі
іс-шаралардың орындалуы _______________________________ деп бағаланады.
5. ____________________ әскери бөлімі метрологының жұмысын бағалау
___________________________________________________________________:
1) әскери бөлім метрологын тағайындау туралы бұйрықтың болуы______
___________________________________________________________________;
(нөмірі, күні)
2) метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі басшылық құжаттардың бар
болуы______________________________________________________________
____________________________________________________________________;
3) ӨҚ техникалық жай-күйін белгіленген тәртіппен есепке алуды жүргізу
__________________________________________________________________
(жүргізілді немесе жоқ, ӨҚ-ны толық қамту, қандай кемшіліктер)
4) ӨҚ-ны қолданыс қабілеті жай-күйінде ұстауды, оларды дұрыс пайдалануды,
сақтауды және жөндеуге уақтылы жөнелтуді бақылауды жүзеге
асыру_____________________________________________________________
__________________________________________________________________;
5) көшпелі метрологиялық топтың жұмысын ұйымдастыруға қатысу және
ӨҚ-ны салыстырып тексеруге толық ұсынуды бақылауды жүзеге асыру ______
__________________________________________________________________;
(қатысты немесе жоқ, бақылайды немесе жоқ, толық немесе жоқ, қандай
ӨҚ ұсынылмаған)
6) белгіленген есептілікті ұсыну __________________________________
__________________________________________________________________;
Қорытынды: метрологтың жұмысы __________________деп бағаланады.
6. Бөлімнің метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметтерінің
қызметі___________________________________________________________
(ӨҚ-ға, ҚӘТ-ні жөндеуді, олардың жиынтықтауды бақылау жөніндегі
__________________________________________________________________
қызметтердің жұмысы, ҚӘТ-ге ТҚ-ны ұйымдастыру)
Қорытынды: бөлімнің метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері
жөніндегі қызметтерінің жұмысы _____________________________ деп бағаланады.
Тұжырымдама: әскери бөлімнің метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйі
______________________________________________________ деп бағаланады.
Ұсыныстар
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
Орындалуы туралы ______________________________________________
(оған баяндалуы тиіс лауазымды адам)
20__ жылғы «__» __________ қарай баяндалсын.
__________________________________________________________________________
(тексеруді жүргізген адамның лауазымы, әскери атағы, қолтаңбасы, тегі)
Актінің бір данасын алдым, оның мазмұнымен таныстым.
Әскери бөлім командирі_____________________________________________
(әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және аты-жөні)
20__ жылғы «__» _________

Қолданыстағы