Құжат мәтініне өту

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Северо-Казахстанской области за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования

Өзге акт · № 48/14 · қабылданған 07.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147398/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
О предоставлении бесплатного проезда гражданам Северо-Казахстанской области за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования Қолданыста Өзге акт ·№ 48/14 ·07.10.2020
07.10.2020 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Северо-Казахстанской области за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования

Қолданыста Өзге акт ·№ 48/14 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении бесплатного проезда гражданам Северо-Казахстанской области за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования
Атауы (қаз.)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
48/14
Қабылданған күні
07.10.2020
Көрсетілген редакция
07.10.2020 147398_486205.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20S0006587
ЭКБ идентификаторы
147398
Редакция идентификаторы
147398_486205
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:26

0

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болған жағдайда, медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін, сондай–ақ медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының хаттамасында ілесіп жүру бойынша ұсыным болған жағдайда пациентке еріп жүретін тұлғаға (бір адамнан артық емес) тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

2

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін медициналық айғақтар бойынша тұрақты тұратын елді мекеннің шегінен тыс емделуге жіберілетін пациенттерге және олармен бірге жүретін адамдарға (бір адамнан аспайтын) мынадай төлемдер жүзеге асырылсын:

1 1) темір жол және қалааралық автомобиль көлігінде жол жүру құны (екі жаққа да);

2 2) әуе көлігімен ұшып өту және темір жол көлігімен (жатын вагон) жүріп өту кезінде темір жол көлігінің жылдам жүретін поезының купе вагоны билетінің құнынан аспайтын мөлшерде жол жүру құнын (екі жаққа да) ішінара өтеу жүргізіледі.

3

3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі растайтын құжаттарды (билеттер, жолдаманың көшірмелері, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді) ұсынған кезде пациенттер мен оларды ертіп жүрген адамдардың емделуге жол жүру құнын төлеуді жүргізсін.

4

4. Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына бюджет қаражаты есебінен елді мекеннен тыс жерлерде емделуге ақысыз жол жүруді ұсыну туралы» 2017 жылғы 14 қарашадағы № 16/6 шешімінің (2017 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4385 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы