Кіру
Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива в Глубоковском районе

Өзге акт · № 50/7-VI · қабылданған 29.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147436/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива в Глубоковском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 50/7-VI ·29.09.2020
22.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива в Глубоковском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 50/7-VI · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива в Глубоковском районе
Атауы (қаз.)
Глубокое ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50/7-VI
Қабылданған күні
29.09.2020
Көрсетілген редакция
22.12.2023 147436_681835.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VI007644
ЭКБ идентификаторы
147436
Редакция идентификаторы
147436_681835
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:35

0 Глубокое ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5, 9 -тармақтарына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Глубокое ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

2. Әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі мөлшері мен тәртібі бекітілсін:

1) әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11, 1966 айлық есептік көрсеткіш «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшесі және екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетіледі;

2) әлеуметтік қолдау тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті орган – «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

3. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.

4. Күші жойылды деп танылсын:

1) Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI «Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-180 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

2) Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 39/8-VI «Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI «Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің күшін уақытша тоқтату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6850 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

5. Осы шешім 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы