Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О социальной помощи на возмещение затрат на проезд в город Санкт-Петербург гражданам, работавшим на предприятиях, в учреждениях и организациях города Ленинграда в период его блокады и награжденным медалью «За оборону Ленинграда» или знаком «Житель блокадного Ленинграда», проживающим в городе Алматы

Өзге акт · № 488 · қабылданған 09.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147449/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О социальной помощи на возмещение затрат на проезд в город Санкт-Петербург гражданам, работавшим на предприятиях, в учреждениях и организациях города Ленинграда в период его блокады и награжденным медалью «За оборону Ленинграда» или знаком «Житель блокадного Ленинграда», проживающим в городе Алматы Күшін жойған 10.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О социальной помощи на возмещение затрат на проезд в город Санкт-Петербург гражданам, работавшим на предприятиях, в учреждениях и организациях города Ленинграда в период его блокады и награжденным медалью «За оборону Ленинграда» или знаком «Житель блокадного Ленинграда», проживающим в городе Алматы

Күшін жойған Өзге акт № 488 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О социальной помощи на возмещение затрат на проезд в город Санкт-Петербург гражданам, работавшим на предприятиях, в учреждениях и организациях города Ленинграда в период его блокады и награжденным медалью «За оборону Ленинграда» или знаком «Житель блокадного Ленинграда», проживающим в городе Алматы
Атауы (қаз.)
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
488
Қабылданған күні
09.10.2020
Көрсетілген редакция
10.06.2026 147449_830086.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20R0001647
ЭКБ идентификаторы
147449
Редакция идентификаторы
147449_830086
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:23
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың

кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген
және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе
«Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған
Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург
қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған
әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының
6-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес,
VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін.

2. Әлеуметтік көмек осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға жыл сайын Санкт-Петербург қаласына әуе немесе темір жол көлігі арқылы барып-келу құны толық мөлшерде екінші деңгейдегі банктердегі олардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін тұрақты тұрғылықты тіркелген жері бойынша Алматы қаласының аудан әкімдіктеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) өтінішпен мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын куәландыру үшін талап етіледі);
2) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалінің немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісі куәліктерінің көшірмесі;
3) жол ақысының құнын растайтын билеттер, отырғызу талоны;
4) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

3-1. Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.

4. Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 82 «Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 960 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қаңтарда «Алматы ақшамы» газетінде және 2013 жылғы 19 қаңтарда «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.