О признании утратившими силу некоторых приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 13.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2020 147463_486204.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021446
- ЭКБ идентификаторы
- 147463
- Редакция идентификаторы
- 147463_486204
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:20
0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасының
2020 жылғы 13 қазаны
№ 158
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі
1 1. «Мемлекеттiк органдардың басшыларын (әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi) аттестациялауды өткiзу үшiн аттестациялық комиссиялар құру ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 26 маусымдағы
№ 02-2-4/88 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1914 болып тіркелген, 2002 жылғы № 33 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 667-құжат).
2
2. «Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшіге Аттестациялық парақ нысанын және Қызметтік мінездеме нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 22 маусымдағы № 02-01-02/81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3695 болып тіркелген).
3
3. «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 06-7/90 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8578 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қарашадағы № 307 (27581) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
4
4. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 06-7/170 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8972 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 8 (28232) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).