Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Курчумского района

Қаулы · № 383 · қабылданған 12.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147548/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Курчумского района Күшін жойған Қаулы ·№ 383 ·12.10.2020
01.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Курчумского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 383 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Курчумского района
Атауы (қаз.)
Күршім ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
383
Қабылданған күні
12.10.2020
Көрсетілген редакция
01.08.2023 147548_650467.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VN007672
ЭКБ идентификаторы
147548
Редакция идентификаторы
147548_650467
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:21

0 Күршім ауданының аумағында көшпелі сауданы

жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген
орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8,27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 бұйрығына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Күршім ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Күршім ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Күршім ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

ШҚО Күршім ауданы
әкімінің 2020 жылғы
12 қазаны № 383 қаулысына
қосымша
Күршім ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Әкімшілік-аумақтық бірлік атауы
Орналасқан жері
1
Күршім ауылдық округі
-Күршім ауылындағы Исабеков көшесіндегі «Долданов» базарында
2
Марқакөл ауылдық округі
-Марқакөл ауылындағы Б.Момышұлы көшесі мен А.Крахмаль көшесінің қиылысындағы алаңда
3
Абай ауылдық округі
-Бурабай ауылындағы Ұлан көшесі, 34 үйдің жанындағы учаскеде
4
Ақбұлақ ауылдық округі
Ақбұлақ ауылындағы орталық саябақтағы алаңда
5
Балықшы ауылдық округі
-«Шекелмес» жер учаскесінде және Ақсуат ауылындағы Егінбайұлы көшесі, 43 үйдің жанындағы учаскеде
6
Боран ауылдық округі
-Боран ауылындағы Орталық көшесіндегі орталық алаңда
7
Қалғұты ауылдық округі
-«Ащы басы» жер учаскесінде және Қаратоғай ауылындағы Б.Момышұлы көшесіндегі «Гулзада» дүкені маңындағы жер учаскесінде
8
Қалжыр ауылдық округі
-Қалжыр ауылындағы Нурмуханов көшесі, 44 үйдің жанындағы учаскеде
9
Кұйған ауылдық округі
-«Қызыл Ту» өткелі бұрылысының маңында
10
Маралды ауылдық округі
-Маралды ауылындағы орталық алаңда, Үшбұлақ ауылындағы ауылдық клуб маңында, Қыстау-Күршім ауылындағы ауылдық клубтың алдында
11
Сарыөлең ауылдық округі
-Сарыөлең ауылындағы Школьная көшесіндегі «Жастар» саябағы алаңында, «Бәйгетөбе» маңында, «Көмей» жер учаскесінде, жол бойындағы аялдамада. Барақ батыр ауылындағы Достық көшесінің №55, 21, 66 үйлерінің маңында. Бірлік ауылындағы Комаров көшесінің 48 үйдің маңында
12
Төсқайың ауылдық округі
-Төсқайың ауылындағы Орталық көшесі, 18 үйдің жанындағы учаскеде

Қолданыстағы