Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, в Кобдинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, в Кобдинском районе
- Атауы (қаз.)
- Қобда ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 380
- Қабылданған күні
- 14.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2024 147602_691406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CG007543
- ЭКБ идентификаторы
- 147602
- Редакция идентификаторы
- 147602_691406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:18
0
Қобда ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 және 9-баптарына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қобда ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Қобда ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. «Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 2020 жылғы 14 қазаны № 380
шешіміне 1 қосымша
Қобда ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
1 1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:
№
р/с
Арнайы орындар
Материалдық-техникалық жабдықтау
Олардың шекті толу нормасы
1.1
Аудандық мәдениет Үйінің алдындағы алаң (Қобда ауданы, Қобда ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38)
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.
200 адамнан артық емес
2 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:
№
р/с
Арнайы орындар
Материалдық-техникалық жабдықтау
Олардың шекті толу нормасы
3.2
Әбілқайыр хан көшесі бойымен:
А.Әкімжанов көшесінен Алматы көшесіне дейін
Маршруттың ұзақтығы 1,3 шақырымды құрайды.
- көше жарықтандырылған;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.
300 адамнан артық емес
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
1
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрі-Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Қобда ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария іс-шаралар өткізіледі.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Осы Тәртіппен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
12 Қобда аудандық мәслихатының
2020 жылғы 14 қазандағы
№ 380 шешіміне 2 қосымша
Қобда ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын: