Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Костанайской области, за счет средств областного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 543
- Қабылданған күні
- 09.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2024 147606_727244.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20N0009499
- ЭКБ идентификаторы
- 147606
- Редакция идентификаторы
- 147606_727244
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:23
0 Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағида), осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:
Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;
Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына 7 000 000 (жеті миллион) теңге мөлшерінде;
Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Арқалық қаласына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;
Қостанай облысының Арқалық қаласына 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде.
2-1
2-2
3
3. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы» 2019 жылғы 14 маусымдағы № 407 шешімінің (2019 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8544 болып тiркелген) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары
Мәслихаттың
2020 жылғы 9 қазандағы
№ 543
шешіміне
қосымша
Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары
1
1. Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) табылады.
2
2. Әлеуметтік қолдау Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа уәкілетті орган жіберген және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне төленеді.
Әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидалар шеңберінде бұрын алынған ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес әлеуметтік қолдауды төлеу үшін көзделген еңбек шартында белгіленген мерзім өткенге дейін еңбек қатынастары тоқтатылған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қолданылмайды.