Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Урунхайка и его притока ручья Сланная в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 361 · қабылданған 13.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147620/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Урунхайка и его притока ручья Сланная в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 361 ·13.10.2020
13.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Урунхайка и его притока ручья Сланная в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 361 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Урунхайка и его притока ручья Сланная в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Ұранқай бұлағы және оның ағыны Сланная бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
361
Қабылданған күні
13.10.2020
Көрсетілген редакция
13.10.2020 147620_488396.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20V0007701
ЭКБ идентификаторы
147620
Редакция идентификаторы
147620_488396
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:20

0 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Ұранқай бұлағы және оның ағыны Сланная бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Ұранқай бұлағы және оның ағыны Сланная бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Ұранқай бұлағы және оның ағыны Сланная бұлағының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2020 жылғы «___»_______________

11 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Ұранқай бұлағы және оның ағыны Сланная бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 13 қазаны
№ 361
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Ұранқай бұлағы және оның ағыны Сланная бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объ­ек­ті­сі­ле­рі
Су қор­ғау ай­мақ­та­ры
Су қор­ғау бел­де­уле­рі
Ұзынды­ғы, км
Ауда­ны, га
Ені, м
Ұзынды­ғы, км
Ауда­ны, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Ұран­қай бұ­ла­ғы
оң жа­ға­лау
1,1
50
500-600
0,3
1
35
Слан­ная бұ­ла­ғы
оң жа­ға­лау
сол жа­ға­лау
-
-
-
0,48
0,38
1,6
1,4
35
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтарымен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы