Вопросы некоторых республиканских государственных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Вопросы некоторых республиканских государственных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 690
- Қабылданған күні
- 21.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 147666_592689.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000690
- ЭКБ идентификаторы
- 147666
- Редакция идентификаторы
- 147666_592689
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:13
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жалпы генетика және цитология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Адам және жануарлар физиологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2
2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жалпы генетика және цитология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Генетика және физиология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып өзгертілсін.
3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістерді бекітуге енгізсін;
2 2) кәсіпорынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
2 2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 16-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«16-9. Генетика және физиология институты»;
реттік нөмірлері 16-10, 16-14-жолдар алып тасталсын.