Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил по подтверждению соответствия информационных систем, технических, программно-технических и программных средств (изделий), технических средств защиты информации требованиям информационной безопасности

Бұйрық · № 392/НҚ · қабылданған 19.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147688/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об утверждении Правил по подтверждению соответствия информационных систем, технических, программно-технических и программных средств (изделий), технических средств защиты информации требованиям информационной безопасности Күшін жойған Бұйрық ·№ 392/НҚ ·19.10.2020
25.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил по подтверждению соответствия информационных систем, технических, программно-технических и программных средств (изделий), технических средств защиты информации требованиям информационной безопасности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 392/НҚ · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил по подтверждению соответствия информационных систем, технических, программно-технических и программных средств (изделий), технических средств защиты информации требованиям информационной безопасности
Атауы (қаз.)
Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
392/НҚ
Қабылданған күні
19.10.2020
Көрсетілген редакция
25.07.2024 147688_714127.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021480
ЭКБ идентификаторы
147688
Редакция идентификаторы
147688_714127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:15

0 Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі қағидалар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі

0 Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі қағидалар

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 19 қазаны
№ 392/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі қағидалар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабы 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

2 2) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган – сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға.

3

3. Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау ақпараттандыру объектісінің меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің, не олардың уәкілеттік берген тұлғалардың бастамасы бойынша ерікті негізде «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

2 2-тарау. Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау тәртібі

4

4. Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүргізіледі.

5 5. Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растауды «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы

5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар жүргізіледі.

6

6. Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растауды жүргізуге шарттар жасасу тәртібін 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі органдар айқындайды.

Қолданыстағы