Об утверждении перечня субъектов (объектов) высокого, среднего и низкого риска, подлежащих государственному контролю и надзору в сфере оказания медицинских услуг (помощи)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня субъектов (объектов) высокого, среднего и низкого риска, подлежащих государственному контролю и надзору в сфере оказания медицинских услуг (помощи)
- Атауы (қаз.)
- Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын мәні жоғары және болмашы объектілердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ - 144/2020
- Қабылданған күні
- 20.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2025 147693_779210.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021483
- ЭКБ идентификаторы
- 147693
- Редакция идентификаторы
- 147693_779210
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:14
0 Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылауға жататын мәні жоғары, орташа және төмен тәуекел субъектілердің (объектілердің) тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
0 Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 20 қазаны
№ ҚР ДСМ - 144/2020
бұйрығына қосымша
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесі
1 1. Тәуекелі жоғары бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері):
1 1) Стационарлық көмек көрсететін субъетілер (объектілер) (аудандық аурухана, нөмірленген аудандық аурухана, көпбейінді ауданаралық аурухана, қалалық аурухана, көпбейінді қалалық аурухана, көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, көпбейінді облыстық аурухана, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы);
2 2) Босандыру субъектілері (объектілері);
3 3) Медициналық жедел жәрдем және медициналық авиация көрсететін субъектілер (объектілер);
4 4) Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);
5 5) Стоматологиялық емхана (орталық, кабинет);
6 6) Фтизиопульмонологиялық ұйымдар;
7 7) Онкологиялық орталық немесе диспансер;
8 8) Ядролық медицина орталығы;
9 9) Апаттар медицинасы ұйымдары;
9-1) гемодиализ көмегін көрсететін субъектілер (объектілер);