Об установлении формы и содержания контрольного чека банковских компьютерных систем
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении формы и содержания контрольного чека банковских компьютерных систем
- Атауы (қаз.)
- Банктiк компьютер жүйелерiнiң бақылау чегiнiң нысанын және мазмұнын белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 488
- Қабылданған күні
- 18.12.2002
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2008 AI14770_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020002134_
- ЭКБ идентификаторы
- 14770
- Редакция идентификаторы
- AI14770_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:39
0 Банктiк компьютер жүйелерiнiң бақылау чегiнiң нысанын және мазмұнын белгiлеу туралы
Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.12.31 N 117 Қаулысымен.
------------------ Бұйрықтан үзінді --------------------
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 649-бабына сәйкес, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. ...
.........
4 4. Осы қаулы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 5. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктік компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 488 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2134 тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
2 2) ...
.........
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 сәуiрдегi N 449 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктiк заңдарында көзделген және қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын операцияларды жүргiзу кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуларды тiркеу үшiн пайдаланылатын банктiк компьютер жүйелерiнiң бақылау чегiнiң (бұдан әрi - БКЖ бақылау чегi) нысанын және мазмұнын белгiлеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi (бұдан әрi - банк) үшiн Қазақстан Республикасының банктiк заңдарында көзделген және қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын операциялар (осы қаулының 4-тармағында көрсетiлген операцияларды қоспағанда) бойынша банктiк компьютер жүйесi беретiн БКЖ бақылау чегiнiң мынадай мiндеттi деректемелерi белгiленсiн:
1 1) банктiң (құрылымдық бөлiмшенiң) атауы;
2 2) салық төлеушiнiң (құрылымдық бөлiмшенiң) тiркеу нөмiрi;
3 3) банктiк компьютер жүйесiнiң салық органындағы тiркеу нөмiрi;
4 4) банктiң (құрылымдық бөлiмшенiң) орналасқан жерi;
5 5) БКЖ бақылау чегiнiң банкте (құрылымдық бөлiмшеде) берiлген рет нөмiрi;
6 6) операция жүргiзiлген күн және уақыт;
7 7) операцияның атауы;
8 8) жүргiзiлген әрбiр операцияның сомасы;
9 9) жүргiзiлген операциялар бойынша жалпы қорытынды.
2 2. Қосылған құн салығы (бұдан әрi - ҚҚС) көрсетiлетiн БКЖ бақылау чегiнде қосымша мынадай ақпарат болуы тиiс:
1 1) ҚҚС бойынша есепке алу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi;
2 2) ҚҚС сомасы.
3 3. БКЖ бақылау чегiнiң осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көзделген деректемелерi мiндеттi түрде көрсетiлген тiк бұрышты нысаны болады.
4 4. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша БКЖ бақылау чегiнiң нысаны және мазмұны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
5 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр айлық мерзiмде күшiне енгiзiледi.
6 6. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
1 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiмде оны екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасы