Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил формирования реестра субъектов здравоохранения, осуществляющих оптовую и розничную реализацию медицинских изделий, в уведомительном порядке

Бұйрық · № ҚР ДСМ-139/2020 · қабылданған 19.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147704/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении правил формирования реестра субъектов здравоохранения, осуществляющих оптовую и розничную реализацию медицинских изделий, в уведомительном порядке Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-139/2020 ·19.10.2020
19.10.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил формирования реестра субъектов здравоохранения, осуществляющих оптовую и розничную реализацию медицинских изделий, в уведомительном порядке

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-139/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил формирования реестра субъектов здравоохранения, осуществляющих оптовую и розничную реализацию медицинских изделий, в уведомительном порядке
Атауы (қаз.)
Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-139/2020
Қабылданған күні
19.10.2020
Көрсетілген редакция
19.10.2020 147704_488131.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021486
ЭКБ идентификаторы
147704
Редакция идентификаторы
147704_488131
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:15

0 Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7 – бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8385 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 24 тамызда № 197 (28136) жарияланған);

2

2) «Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18640 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 17 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 19 қазаны
№ ҚР ДСМ-139/2020
Бұйрығымен бекітілген
Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау
тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 45) тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында басшылықты, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі –мемлекеттік орган);

2 2) өтініш беруші – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органға медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру туралы хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға.

2 2-тарау. Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру тәртібі

3 3. Тізілімдер өтініш беруші берген хабарлама негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

Тізілімдер қазақ және орыс тілдерінде толтырылады және Exсel форматында электрондық түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының сұрау салуы бойынша тізілімдерге енгізілген деректер ұсынылады.
Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ тіркеу деректерінің өзгеруі туралы хабарлама түскен жағдайда тізілімге хабарлама берілген күні тиісті өзгерістер енгізіледі.

4 4. Тізілім мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурсында еркін қолжеткізу режимінде орналастырылады.

5 5. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметі немесе қызметінің жекелеген түрлері сотпен тоқтата тұрған жағдайда тізілімге тиісті мәліметтер енгізіледі.

6 6. Тізілімге хабарламада көрсетілген жеке тұлғаның мекенжайының (тұрғылықты жерінің), заңды тұлғаның орналасқан орнының, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ тіркеу туралы деректердің (ақпарат хабарлама үшін міндетті болып табылады) өзгеруі туралы деректер енгізіледі.

7 7. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін жүргізеді және тоқсан сайын мемлекеттік органға жібереді.

1 Медициналық бұйымдарды

көтерме және бөлшек саудада
өткiзуді хабарлама жасау
тәртібімен жүзеге асыратын
денсаулық сақтау субъектілерінің
тізілімін қалыптастыру
қағидаларына қосымша
Нысан

Ха­бар­ла­ма­ның түс­кен кү­ні мен уа­қы­ты
Заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы, БСН, же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), ЖСН
Же­ке тұл­ға­ның тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің неме­се заң­ды тұл­ға­ның ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жай­ла­ры, қыз­мет­ті неме­се әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру ме­кен­жай­ла­ры
Қыз­мет­ті неме­се бел­гі­лі әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­дың ба­ста­луы, қыз­мет­ті неме­се бел­гі­лі әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­дың тоқ­та­ты­луы, ха­бар­ла­ма­да көр­се­ті­л­ген де­ректер­дің өзге­руі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Өті­ніш бе­ру­ші­нің бай­ла­ныс де­ректе­рі (элек­трон­дық поч­та, те­ле­фон, факс)
Қыз­мет­ті (бел­гі­лі бір әре­кет­ті) жү­зе­ге асы­ру­дың ба­ста­лу уа­қы­ты мен ор­ны
Қыз­мет­ті (бел­гі­лі бір әре­кет­ті) жү­зе­ге асы­ру­дың тоқ­та­ты­лу уа­қы­ты мен ор­ны (егер ол Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен көз­дел­се)
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы