Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил по оказанию государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Бұйрық · № 539 · қабылданған 16.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147737/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил по оказанию государственной услуги «Назначение жилищной помощи» Күшін жойған Бұйрық ·№ 539 ·16.10.2020
08.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил по оказанию государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 539 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил по оказанию государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
539
Қабылданған күні
16.10.2020
Көрсетілген редакция
08.12.2023 147737_673314.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021500
ЭКБ идентификаторы
147737
Редакция идентификаторы
147737_673314
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:16

0 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновация және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар

2020 жылғы 16 қазаны
№ 539 бұйрығымен
бекітілген
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысының талаптарына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі

4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттармен бірге өтініш жолдайды жолдайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
Портал арқылы өтініш берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

6. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
банктік шоты;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

2) порталға:

мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шотының электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде отбасының табысы туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарды ғана ұсынады.
Жеке басын куәландыратын; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы; жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері; лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер; көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

7. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлерінің) әрекеті:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттармен өтінішті олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін – 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді.

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны не көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған дәлелді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.

10. Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

11. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

12. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

13. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің немесе тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына не уәкілетті орган басшысының блогына («уәкілетті орган басшысының блогы» парағы) беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Портал арқылы өтініш берілген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1 Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету
жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
Нысан
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (облыстық маңызы бар қалалардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының) және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің (қаланың, ауданың) атауы
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш
Мен _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
______________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы) тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушысы),
жеке куәлігінің №, кім берген _____________________________________________________
________________________________________________________________________________
мына мекенжайда тұратын: ______________________________ саны_____ адам болатын менің
отбасыма тұрғын үйді ұстауға ақы төлеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер жөніндегі
шығындарды өтеу үшін тұрғын үй көмегі тағайындауды сұраймын.

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Туыстық қатынастар
Әлеуметтік мәртебесі
жеке шоттың № ___________, банктің атауы___________________.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы «___» __________
(қолы)

2 «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік қызмет көрсету
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
«Тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы»;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz;
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не осы Қа­ғи­да­лар­дың 12-қо­сым­ша­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін;
2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі үзіл­іспен бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да.
8
Құ­жат­тар ті­зі­мі
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (түп­нұс­қа көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін ұсы­ны­ла­ды);
от­ба­сы­ның та­бысын рас­тай­тын құ­жат­тар (ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да);
жұ­мыс ор­ны­нан анық­та­ма неме­се жұ­мыс­сыз адам ре­т­ін­де тір­ке­луі ту­ра­лы анық­та­ма (ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да);
ба­ла­лар­ға және асы­ра­уын­да­ғы бас­қа да адам­дар­ға али­мент­тер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
банк­тік шо­ты;
тұр­ғын үй­ді (тұр­ғын ғи­ма­рат­ты) кү­тіп-ұста­у­ға ар­нал­ған ай сай­ын­ғы жар­на­лар­дың мөл­ше­рі ту­ра­лы шот;
ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді тұ­ты­ну шот­та­ры;
те­ле­ком­му­ни­ка­ция қыз­мет­те­рі үшін тү­бір­тек-шот неме­се бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін көр­се­ту­ге ар­нал­ған шар­ттың кө­шір­ме­сі;
же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган жал­да­ған тұр­ғын үй­ді пай­да­лан­ға­ны үшін жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бер­ген жал­дау ақы­сы­ның мөл­ше­рі ту­ра­лы шот;
2) пор­тал­ға:
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
от­ба­сы­ның та­бысын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
жұ­мыс ор­ны­нан анық­та­ма­ның неме­се жұ­мыс­сыз адам ре­т­ін­де тір­ке­луі ту­ра­лы анық­та­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
ба­ла­лар­ға және асы­ра­уын­да­ғы бас­қа да адам­дар­ға али­мент­тер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
банк­тік шо­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
тұр­ғын үй­ді (тұр­ғын ғи­ма­рат­ты) кү­тіп-ұста­у­ға ар­нал­ған ай сай­ын­ғы жар­на­лар­дың мөл­ше­рі ту­ра­лы шот­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді тұ­ты­ну шо­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
те­ле­ком­му­ни­ка­ция қыз­мет­те­рі үшін тү­бір­тек-шот­тың неме­се бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін көр­се­ту­ге ар­нал­ған шар­ттың кө­шір­ме­сі;
же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган жал­да­ған тұр­ғын үй­ді пай­да­лан­ға­ны үшін жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бер­ген жал­дау ақы­сы­ның мөл­ше­рі ту­ра­лы шот­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған жағ­дай­да;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Ты­ныс-тір­ші­лі­гін шек­тей­тін ке­мі­стіктер­ден ор­га­низ­мі­нің функ­ци­я­ла­ры тұ­рақ­ты бұ­зы­луы­нан ден­са­улы­ғы бұ­зы­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға қа­жет болған жағ­дай­да 1414, 8 800 080 7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну жо­лы­мен Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді алу үшін қыз­мет­тер­ді элек­трон­дық ны­сан­да алу субъ­ек­ті­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес бір рет­тік па­роль­дер­ді пай­да­ла­на ала­ды.

3 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету
жөніндегі қағидаларға
3-қосымша
Нысан
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
_________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) Қағидалардың көзделген қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбауыңызға байланысты, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1. ________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (бар болса) (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің) (қолы)
Орындаушы: аты-жөні (бар болса)_____________________
Телефон ______________________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (бар болса)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20___ жылғы «___» ____________

Қолданыстағы