Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Қаулы · № 461 · қабылданған 23.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147784/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған 11.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Күшін жойған Қаулы № 461 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
461
Қабылданған күні
23.10.2020
Көрсетілген редакция
11.08.2022 147784_587619.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UJ005858
ЭКБ идентификаторы
147784
Редакция идентификаторы
147784_587619
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:11
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;

2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Сайрам ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы №412 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4260 тіркелген, 2017 жылғы 28 қарашада «Мәртөбе» газетінде және 2017 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Сайрам ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Оразалиевке жүктелсiн.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

10 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Сайрам ауданы әкімдігінің
2020 жылғы __ шілдедегі
№ қаулысына 1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны (бюджеттік қаражаттар есебінен)
11470

11 Ата-ана төлемақысының мөлшері

Сайрам ауданы әкімдігінің
2020 жылғы __шілдедегі
№ қаулысына 2-қосымша
Ата-ана төлемақысының мөлшері
Барлығы:
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)
326,9
410,9
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.