Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных места и (или) маршруты для осуществления выездной торговли на территории Сайрамского района

Қаулы · № 460 · қабылданған 23.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147792/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении специально отведенных места и (или) маршруты для осуществления выездной торговли на территории Сайрамского района Қолданыста Қаулы ·№ 460 ·23.10.2020
23.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных места и (или) маршруты для осуществления выездной торговли на территории Сайрамского района

Қолданыста Қаулы ·№ 460 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных места и (или) маршруты для осуществления выездной торговли на территории Сайрамского района
Атауы (қаз.)
Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
460
Қабылданған күні
23.10.2020
Көрсетілген редакция
23.10.2020 147792_487806.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UJ005856
ЭКБ идентификаторы
147792
Редакция идентификаторы
147792_487806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:10

0 Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27- баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Сайрам ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №11 «Сайрам ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4449 тіркелген, 2018 жылғы 16 ақпанда «Мәртөбе» газетінде және 2018 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Сайрам ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Усербаевқа жүктелсін.

8 Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар

Сайрам ауданы әкімдігінің
2020 жылғы ___________
№___ қаулысына қосымша
Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар

Ауылдық округ атауы
Орналасатын орны
1
Ақсукент ауылдық округі
Ақсу ауылы, Ақсу-Ақбастау автокөлік жолының бойында
2
Ақбұлақ ауылдық округі
Ақбұлақ ауылы, Қонаев көшесі бойында
3
Арыс ауылдық округі
Қожақорған ауылы, Мыңлыбаев көшесі бойында
4
Жібек-жолы ауылдық округі
Жібек-жолы ауылы, Алматы-Термез тас жолы және Жібек-жолы көшесінің қиылысы
5
Қайнарбұлақ ауылдық округі
Қасымбек Датқа ауылы, Сарманов көшесі бойында
6
Қарасу ауылдық округі
Әйтеке би ауылы, Ш.Уалиханов көшесі бойында
7
Қарабұлақ ауылдық округі
Қарабұлақ ауылы, М.Әуезов көшесі бойында
8
Құтарыс ауылдық округі
Құтарыс ауылы, Абай көшесі бойында
9
Көлкент ауылдық округі
Көлкент ауылы, Үштөбе көшесі бойында
10
Қарамұрт ауылдық округі
Қарамұрт ауылы, Х.Нигмаджанов және А.Моминжанов көшелерінің қиылысы
11
Манкент ауылдық округі
Манкент ауылы, Алма-ата көшесі бойында

Қолданыстағы