Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Сайрамскому району

Өзге акт · № 59-364/VI · қабылданған 09.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147793/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Сайрамскому району Қолданыста Өзге акт ·№ 59-364/VI ·09.10.2020
27.03.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Сайрамскому району

Қолданыста Өзге акт ·№ 59-364/VI · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Сайрамскому району
Атауы (қаз.)
Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
59-364/VI
Қабылданған күні
09.10.2020
Көрсетілген редакция
27.03.2025 147793_749966.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UJ005857
ЭКБ идентификаторы
147793
Редакция идентификаторы
147793_749966
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:23

0 Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының

мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының  68 бабының  3), 9), 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің  2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. «Сайрам аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облыстық Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам аудандық мәслихатының интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

Сайрам аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы
№59-364/VI шешімінің
1 қосымшасы
Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Сайрам ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

1 1. Қарыз сомасынан 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

2 2. Қарыз сомасынан 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын біріңғай мөлшерде айқындалады.

10 Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Сайрам аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы
№59-364/VI шешімінің
2 қосымшасы
Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

1 1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын санаттары;

2

2. «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелері (сауалнама нәтижелері негізінде кадрларға қажеттілік болжамы) негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар, мемлекеттік қызметшілер.

Қолданыстағы