Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан

Бұйрық · № 83 · қабылданған 20.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147794/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 83 ·20.10.2020
20.10.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 83 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
83
Қабылданған күні
20.10.2020
Көрсетілген редакция
20.10.2020 147794_490664.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021507
ЭКБ идентификаторы
147794
Редакция идентификаторы
147794_490664
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:14

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 20 қазаны
№ 83
Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрыққа 3-1 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13309 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзін-өзі реттейтін ұйым (бұдан әрі - ӨРҰ) – қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының ортақтығы қағидаты бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің ерікті не міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген, қауымдастық (одақ), қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйым;»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ӨРҰ қызметін бастау, сондай-ақ тоқтату үшін негіз Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - Бұйрық) нысан бойынша реттеуші мемлекеттік органға жіберілген ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама болып табылады.
ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда коммерциялық емес ұйым жібереді.
Коммерциялық емес ұйым ӨРҰ қызметті тоқтатқаны туралы хабарлама жіберген жағдайда оған мынадай құжаттар:
ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының ӨРҰ қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімінің көшірмесі;
заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
5. Егер кәсіпкерлік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген бір ӨРҰ болуы көзделсе, онда мұндай ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген, мүшелері (қатысушылары) өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы көлемнің жартысынан артығын өндіретін және олардың саны нақты саладағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының кемінде үштен бірін құрайтын коммерциялық емес ұйымнан немесе ӨРҰ қабылданады.
Егер кәсіби қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген бір ӨРҰ болуы көзделсе, онда мұндай ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген, саны нақты саладағы кәсіптік қызмет субъектілерінің жалпы санының жартысынан артық болатын коммерциялық емес ұйымнан немесе ӨРҰ қабылданады.
Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің ерікті мүшелігіне (қатысуына) негізделген ӨРҰ қызметті жүзеге асыруын бастауы үшін коммерциялық емес ұйымнан ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама келіп түскен жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган мұндай хабарламаны қабылдайды.
ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдау Бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
12-тармақ алып тасталсын;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. «Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18117 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық құралдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
63
Пе­сти­цид­тер­дің, био­агент­тер­дің өн­ді­рі­сі және (неме­се) өт­кі­зі­луі ту­ра­лы есеп
Пе­сти­цид­тер­ді, өн­ді­ру­ді (фор­му­ля­ци­я­ла­уды), са­тып алу­ды және өт­кі­зу­ді, био­агент­тер­ді өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі
Өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аудан­дық ин­спек­ци­я­ла­ры
Жы­лы­на екі рет (20 шіл­де­ге дей­ін бір рет және 20 қаң­тар­ға дей­ін бір рет)
64
Пе­сти­цид­тер­дің, био­агент­тер­дің қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы есеп
Пе­сти­цид­тер­ді, өн­ді­ру­ді (фор­му­ля­ци­я­ла­уды), са­тып алу­ды және өт­кі­зу­ді, био­агент­тер­ді өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі
Өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аудан­дық ин­спек­ци­я­ла­ры
Жы­лы­на екі рет (20 шіл­де­ге дей­ін бір рет және 20 қаң­тар­ға дей­ін бір рет)
65
Пе­сти­цид­тер­дің, био­агент­тер­дің сақ­та­луы ту­ра­лы есеп
Пе­сти­цид­тер­ді, өн­ді­ру­ді (фор­му­ля­ци­я­ла­уды), са­тып алу­ды және өт­кі­зу­ді, био­агент­тер­ді өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі
Өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аудан­дық ин­спек­ци­я­ла­ры
Жыл сай­ын (20 қаң­тар­ға дей­ін)
66
Қо­лын­да бү­рік­кіш және дә­рі­ле­гіш тех­ни­ка мен жаб­дық (ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы авиа­ци­я­сы, аэро­золь­дік ге­не­ра­тор­лар, ато­май­зер­лік, штан­гы­лық, жел­дет­кіш­тік бү­рік­кіш­тер, бү­рік­кіш және дә­рі­ле­гіш тех­ни­ка­ның өзге де түр­ле­рі) бар фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі­нің бү­рік­кіш және дә­рі­ле­гіш тех­ни­ка­ла­ры­ның бо­луы ту­ра­лы есеп
Пе­сти­цид­тер­ді, өн­ді­ру­ді (фор­му­ля­ци­я­ла­уды), са­тып алу­ды және өт­кі­зу­ді, био­агент­тер­ді өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі
Өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аудан­дық ин­спек­ци­я­ла­ры
Жыл сай­ын (20 қаң­тар­ға дей­ін)
67
Өзі­нің өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­рі­сі үшін пе­сти­цид­тер­ді, био­агент­тер­ді қол­да­ну­ды жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі­нің хи­ми­я­лық өң­де­улер­ді жүр­гі­зуі ту­ра­лы есеп
Пе­сти­цид­тер­ді, өн­ді­ру­ді (фор­му­ля­ци­я­ла­уды), са­тып алу­ды және өт­кі­зу­ді, био­агент­тер­ді өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі
Өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аудан­дық ин­спек­ци­я­ла­ры
Ай сай­ын (на­уры­здан қыр­күй­ек­ке дей­ін, әр ай­дың 20-сы­на дей­ін)
68
Хи­ми­я­лық өң­деу жө­нін­де қыз­мет­тер көр­се­те­тін фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі­нің хи­ми­я­лық өң­деу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­туі ту­ра­лы есеп­ті
Пе­сти­цид­тер­ді, өн­ді­ру­ді (фор­му­ля­ци­я­ла­уды), са­тып алу­ды және өт­кі­зу­ді, био­агент­тер­ді өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі
Өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аудан­дық ин­спек­ци­я­ла­ры
Ай сай­ын (на­уры­здан қыр­күй­ек­ке дей­ін, әр ай­дың 20-сы­на дей­ін)
69
Тый­ым са­лын­ған және жа­рам­сыз пе­сти­цид­тер­ді және олар­дың ыдыс­та­рын, сон­дай-ақ тый­ым са­лын­ған және жа­рам­сыз пе­сти­цид­тер­ді және олар­дың ыдыс­та­рын, сон­дай-ақ пай­да­ла­ны­л­ған пе­сти­цид­тер­дің ыдыс­та­рын за­лал­сыздан­ды­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі пай­да­лан­ған пе­сти­цид­тер­дің ыдыс­та­рын за­лал­сыздан­ды­ру жө­нін­де­гі есеп
Пе­сти­цид­тер­ді, өн­ді­ру­ді (фор­му­ля­ци­я­ла­уды), са­тып алу­ды және өт­кі­зу­ді, био­агент­тер­ді өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі
Өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аудан­дық ин­спек­ци­я­ла­ры
Жыл сай­ын (20 қаң­тар­ға дей­ін)
70
Пе­сти­цид­тер­ді, био­агент­тер­ді сақ­та­уды жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі­нің қой­ма үй-жай­ла­ры­ның бо­луы ту­ра­лы есеп
Пе­сти­цид­тер­ді, өн­ді­ру­ді (фор­му­ля­ци­я­ла­уды), са­тып алу­ды және өт­кі­зу­ді, био­агент­тер­ді өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын фи­то­са­ни­та­ри­я­лық есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі
Өсім­дік­тер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аудан­дық ин­спек­ци­я­ла­ры
Жыл сай­ын (20 қаң­тар­ға дей­ін)
»;
реттік нөмірлері 89, 90, 112, 117 және 195-жолдар алынып тасталсын.

1 Бұйрыққа

1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
3-1-қосымша
Нысан
Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
1. __________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
2. Осымен __________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономикалық
қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрінің коды
мыналар:
өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті бастағаны_________________
өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті тоқтатқаны ____________
мыналардың:
заңды тұлғаның орналасқан орнының______________________________
жеке тұлғаның заңды мекенжайының ______________________________
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
хабарламада көрсетілген деректердің* ______________________________
өзгергені туралы хабарлайды
3. Заңды тұлғаның орналасқан орнының мекенжайы
_______________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
4. Интернет-ресурс мекенжайы (болған жағдайда) ________________
Ескертпе:
* Хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгерген кезде толтырылады. Осы жолда заңды тұлғаның бұрынғы толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрінің коды көрсетіледі.
5. Электрондық пошта___________________________
6.Телефондар ___________________________________________________
7. Факс _______________________________________________________
8. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) _____________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
9. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелігі (қатысуы) туралы мәліметтер:
ерікті __________________________________________________
міндетті __________________________________________________
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
10. Өзін-өзі реттеуге берілген мемлекеттік функцияның атауы ___________________________________________________
11. Коммерциялық емес ұйымның мүшелері (қатысушылары):
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
(жеке тұлға үшін салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда),
сондай-ақ заңды тұлға үшін ұйымдық-құқықтық нысаны, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі және орналасқан орны көрсетіле отырып, коммерциялық емес ұйымның
әрбір мүшесінің (қатысушысының) толық атауы көрсетіледі)
12. Қосымша мәліметтер __________________________________
(кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеумен байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген жағдайларда ақпарат көрсетіледі)
13. Қызметті тоқтатуға арналған хабарламаға:
ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының ӨРҰ қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімінің көшірмесі___________________
заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі ___________________
(құжаттардың атауы және парақтар саны көрсетіледі) қоса беріледі.
14. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыру _________ (уақыты және күні) басталады
15. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру
________ (уақыты және күні) тоқтатылады**
Осы хабарламаны бере отырып, өтінім беруші төмендегілерді қамтамасыз етеді:
көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат бағытталуы мүмкін;
өтінім берушіге мәлімделген қызмет түрімен немесе жекелеген іс-қимылдармен айналысуға сот тыйым салмаған;
барлық қоса берілген құжаттар түпнұсқаларға сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
өтінім беруші кәсіпкерлік және кәсіби қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуіне байланысты, қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру басталғанға дейін және кейіннен орындауға міндетті қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе:
** бұл жол егер Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру кезінде қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыруды тоқтату уақыты және күні туралы ақпарат ұсыну белгіленген жағдайда ғана толтырылады.
Аталған хабарламаны бере отырып, өтінім беруші ӨРҰ қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы үзінді көшірмені алғаннан кейін екі ай ішінде реттеуші мемлекеттік органға мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдері туралы мәліметтерді мынадай құжаттардың:
Заңда көзделген мәліметтерді қамтитын ӨРҰ жарғысының;
уәкілетті және реттеуші мемлекеттік органмен келісілген ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында бекітілген ӨРҰ қағидалары мен стандарттарының;
коммерциялық емес ұйымның өздері өндірген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тұтынушылары және басқа адамдар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілінің болуын растайтын құжаттардың;
кәсіпкерлік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама жолданған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ӨРҰ қағидаларына және стандарттарына берген қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті жарналарының түрлері және мөлшері туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
16. Өтінім беруші________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
Мөрдің орны (болған жағдайда)
Беру күні және уақыты: 20__ жылғы «__» ______ «__» сағат «__» минут.
17. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда:
Сенім білдірілген тұлға_________________________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)
_______________________________________________________________
Сенімхаттың нөмірі және күні
Берілген күні және уақыты: 20__ жылғы «__» ______ «__» сағат «___» минут.

2 Бұйрыққа

2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
4-қосымша
Р/с №
Мем­ле­кет­тік ор­ган
Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ве­дом­ство­ла­ры, құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі және олар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі
Ха­бар­ла­ма­лар түр­ле­рі
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­ліг
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­ция ко­ми­те­ті­нің об­лы­стық неме­се аудан­дық аумақ­тық ин­спек­ци­я­ла­ры
Асыл тұқым­ды мал ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны неме­се тоқ­та­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры, аудан­дар мен об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар бой­ын­ша аумақ­тық ин­спек­ци­я­ла­ры.
Жа­ну­ар­лар­дың, жа­ну­ар­лар­дан алы­на­тын өнім­дер мен ши­кі­заттың ве­те­ри­на­ри­я­лық нор­ма­тив­тер­ге сәй­кест­і­гін анық­тау жө­нін­де­гі өн­ді­рі­стік ба­қы­лау бө­лім­ше­ле­рі­нің ве­те­ри­на­ри­я­лық дә­рі­гер­ле­рі­нің ве­те­ри­на­ри­я­лық анық­та­ма бе­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ды ба­с­та­ға­ны неме­се тоқ­та­тқа­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.

3 Бұйрыққа

3-қосымша
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі
Ті­зі­лім жа­з­ба­сы­ның нө­мі­рі
Мә­лі­мет­тер­ді ен­гі­зу кү­ні
ӨРҰ то­лық ата­уы және оның ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны
ӨРҰ-ға мү­ше­лік (қа­ты­су) (ерік­ті неме­се мін­дет­ті) ту­ра­лы мә­лі­мет
ӨРҰ-ға бе­рі­л­ген мем­ле­кет­тік функ­ци­я­ның ата­уы
ӨРҰ жар­ғы­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Бе­кі­ті­л­ген қа­ғи­да­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер*
Бе­кі­ті­л­ген стан­дарт­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер *
Мү­лік­тік жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ету тә­сіл­де­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
ӨРҰ мү­ше­ле­рі­нің (қа­ты­су­шы­ла­ры­ның) мін­дет­ті жар­на­ла­ры жө­нін­де­гі мә­лі­мет­тер
Түр­ле­рі
Мөл­шер­ле­рі
7
8
9
10
11
кестенің жалғасы
ӨРҰ мү­ше­ле­рі (қа­ты­су­шы­ла­ры) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­шіне сәй­кес эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі­нің ко­ды
Же­ке тұ­лға­лар үшін
Да­ра кә­сіп­кер­лер үшін
Заң­ды тұ­лға­лар үшін
Аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), те­гі,
Са­лық тө­ле­у­ші­нің сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (болған жағ­дай­да)
Ұй­ым­дық- құқық­тық ны­са­ны
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Ор­на­лас­қан ор­ны­ның  ме­кен­жайы
12
13
14
15
16
17
кестенің жалғасы
ӨРҰ ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның ме­кен­жайы (бар болған жағ­дай­да)
ӨРҰ-ға өз мү­ше­лі­гін тоқ­та­тқан (мү­ше­лік­ті тоқ­та­ту негі­зін­де) мү­ше­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Өзге де мә­лі­мет­тер
18
19
20

4 Бұйрыққа

4-қосымша
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың
тізілімін жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Осынмен,
___________________________________________________________________
(реттеуші мемлекеттік органның толық атауы)
өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті жүзеге асыруды бастағаны турал
қабылданған хабарлама туралы хабарлайды, экономикалық қызмет түрлерінің
жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрінің коды туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
(өзін-өзі реттейтін ұйымның толық атауы)
Лауазымы ________________ (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
(қолы)
Мөрдің орны
Күні: 20__ жылғы «___» _______.

Қолданыстағы