О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области в сфере транспорта и автомобильных дорог
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области в сфере транспорта и автомобильных дорог
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 223/5
- Қабылданған күні
- 27.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2021 147823_516493.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20P0006996
- ЭКБ идентификаторы
- 147823
- Редакция идентификаторы
- 147823_516493
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:08
0 Павлодар облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары
саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. К. Есімхановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 27 қазаны
№ 223/5 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 192/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Регион.kz» газетінде жарияланған).
2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 193/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4659 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 263/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4742 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 192/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 112/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5116 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5
5. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі «Павлодар облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» № 221/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5208 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6
6. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 193/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 285/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7
7. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 192/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 351/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).